Патриархаттық дәуір алғашқы қауымдық тұста ғана емес, орта ғасырларда да өзінің жалғасын тауып, империалистік саясатын жүргізді. Өткен ғасырдағы оғаш, абсурдтық һәм фактикалық саясаттың салдарынан нәзік жандылардың көп зардап шеккені баршамызға аян. Аталмыш саясат «Әйелдерден ғалым шықпайды және шығуы мүмкін емес» деген ақылға қонымсыз теорияны үңдеді. Алайда бұл негізсіз пікір болашақта нәзік жандылардан өнертапқыш, ғалым шығатынын көз алдына елестете де алмады. Сонымен, бүгінгі мақаламыз өнертапқыш, ғалым әйелдерге арналады. Оқи жүріңіздер.
Әйелдер әрқашан да өз дәуірінің қаһарманы. Нәзік жандылардың қайтпас қайсарлығы, бірбеткейлігі, зеректігі мен елгезектігі өмірге жаңа өнертабыстардың әкелуіне себепші болды. Мәселен, біз күнделікті тұрмыста қолданатын әйнек тазалағыш, ыдыс жуатын машина, медициналық шприц, автомобиль жылытқышы сынды заттардан бөлек әйелдер өрт сөндіргіштердің баспалдағын, балмұздақ өндіргіш машина, су асты телескобын, монополия, қағаз пакетті ойлап тапқан. Жер бетінде әйелдер ойлап тапқан 50-ден аса өнертабыс бар деседі. Енді олардың кейбіреулеріне тоқталып өтейік.
Джозефина Кокрейн есімді азаматша алғашқы ыдыс жуғыш машинаны 1886 жылы құрастырып шықты. Бірнеше жылдан соң Джозефина Чикагода өткен жәрмеңкенің арқасында мейрамхана кәсіпкерлерінің назарын өз өнертабысына аудара алды. Алайда ыдыс жуатын машина ойлап табылды деген ақпарат тек 1950-жылы белгілі болып, әлем жұртының қызығушылығын тудырды.
Кэтрин Берр Блоджетт 1926 жылы Кембридж университетінде физика ғылымдарының докторы дәрежесін алған алғашқы әйел. Ол бірнеше жылдардан кейін өз заманының камерасын, микроскопын һәм проректор технологиясының жұмысын жеңілдетуге көмектесетін төмен шағылыстыратын (көрінбейтін әйнекті) ойлап тапты. Оның технологиясы тіпті «Желмен айдалды» фильмін түсіру үшін қолданылды.
Білім саласына арналған
Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,
Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.
