Йогурттардың пайда болу тарихынан

Дәмі балмұздақтан кем түспейтін йогурттардың алғашқы түрлері қазіргідей болмаған. Тұңғыш болып йогурттардың дәмін татып, мұқым әлемге ұсынған халық – Балқан жұрты. Балқандықтар көшпелі халықтарға жататыны белгілі. Олар ешкі сүтін аң терілерінен жасалған арнайы дорбаларда сақтаған. О заманда тоңазытқыш атаулы құрылғылар болмағандықтан ыстық сүттің тез ашып кететіні  баршамызға түсінікті. Алғашында балқандықтар ашыған сүтті алысқа төгіп тастап, жаңа сүт сауған. Бірақ кейін ашыған сүтті ыстық сүтпен араластырса, ерекше дәм пайда болатынын байқаған балқандықтар оларды сыртқа төкпейтін болған. Міне, осылайша, өткен ғасырларда йогурттардың алғашқы түрлері пайда болған.

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *