Шұлықтардың ең алғашқы үлгілері қашан пайда болды?

Шұлықтардың ең алғашқы үлгілері  – Антикалық мәдениеттің  отаны саналатын Ежелгі Грецияда пайда болған. Ең қызығы, ежелгі гректер ұйқыға жатар алдында ғана шұлық киген. Әрі шұлықтарды пайдаланған ерлер емес, нәзік жандылар болып шықты. Өйткені, теріден тігілген шұлықтар ерлер қауымы үшін көзге оғаш көрініп, әйелдерге арналған дүние ретінде есептелінген.  Ол заманда «шұлық» тек қана әйелдерге тән киімнің бөлшегі  болса дағы,  гректердің шұлық кигенін байқаған римдіктер ұрыс алаңына  шұлық киіп шығатын болыпты. Бұның себебін айтпаса да белгілі. Темір сауыт етікті шұлықсыз киіп, соғыс майданына шығу – нағыз ауыр азап екені айдан анық. Қанды қасапта жалаңаяғы темірден жауыр болған ерлерді елестетудің өзі қорқынышты. Ескеретін бір жайт, римдіктер, ежелгі гректер теріден тігілген шұлықтарды киген. Ал  тоқылған шұлықтар алғаш рет Испанияда он екі ғасыр өткен соң пайда болған. Испаниялықтар аталмыш шұлықтарды қаһарлы қыстың суығынан қорғану үшін ғана киген. Жылы күндері олар шұлық мүлдем кимеген деседі.  1589 жылы философия ғылымдарының магистрі  Уильям Ли тұңғыш болып  шұлық өндіретін машинаны ойлап табады! Міне, осы кезден бастап шұлықтардың сан алуан түрлері өңдіріліп, мұқым әлемге бағалы тауар ретінде сатылына бастайды! Шынында, шұлық ең қажет зат емес пе? Шұлықтың арқасында аяғымыз тоңбай, шаң мен кірден аман жүреді. Сондықтан, шұлықтың қадірін ерте түсінгеніміз абзал.

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *