Түркиядағы Диснейленд

Диснейлендтің таңғажайып әлемін тек АҚШ құрама штаттарынан ғана емес, әлемнің әр түкпірінен кезіктіруе болады. Егер, алдыңғы мақаламызда біз Кореядағы Диснейленд жайлы ой қозғасақ, бүгінгі хабарымыз Түркияның Анталия қаласында орналасқан Диснейленд туралы болмақ! Ендеше, тілі мен мәдениеті жақын,  өркениеті озық дамыған Түркия елінің Диснейлендіне саяхат жасауға дайын тұрыңыздар! 

Парктің даланында, яки, кіреберісінде  сіздер үлкен фонтанға тап боласыздар. Фонтанның жүрегінде «Аңыз» деген жазуы бар ғажайып мүсін бар. Rixos отелінің көркін ашу үшін құрастырылған «Аңыз» паркі алғаш рет өзінің алтын қақпасын 2016 жылы ашты! 63 мың гектар жеріне  аквапарк, ай-парк аттракциондарын,  дельфинарий, 5D- кинотеатр, дүкен мен кафені сыйдырған парктің қызығы бұмен бітпейді. Балалар мен ересектерге арналған 70 аттракционы бар парк қызу тіршілігін сағат таңғы  10.00-да бастап, кешкі сағат 5-те аяқтайды.

Rixos меймандары үшін парке кіру тегін. Жеке турист ретінде келгендер парктің ержесіне сәйкес билеттің құнын төлейді. 

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *