Париждегі Диснейленд

Париж қаласында екі Диснейленд орталығы бар. Олар: Disneyland Park және Walt Disney Studios Park. Қос парктің кіру құны әртүрлі. Сондықтан, сіз екеуінің біріне, яки, екеуіне бірдей бір билет сатып ала аласыз! Паркке кіре саласымен тегін таратылатын анықтама кітапшаларды алғаныңыз жөн. Аталмыш карталар арқылы сіз парктің бір күндік жоспарынан хабардар боласыз! Айтпақшы, орыс тілінде жазылған анықтамалықтар Париждің паркінде бар! Парктің аумағы біз ойлағанан да  кең болғандықтан, кезек саяхатшыларды ұзақ күттіріп қоюы әбден мүмкін. Өйткені, паркке әлемнің  түкпірінен  мыңдап туристер келетінін ескерсек, халық саны айтарлықтай көп болары айдан анық. Әрине, Диснейлендті  бір күн ішінде аралап, қызығын тауыса алмайсыз. Ол үшін сізге бұнда қонуға тура келері хақ. Бірақ 2019 жылғы Диснейлендтегі қонақүйлердің бағасы 1000 евроны (511 080 теңгені) құрағандықтан, қазіргі кезеңде де отель құны қымбатқа түсуі ықтимал. 

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *