Кореядағы Диснейленд

Әлемнің қай түкпірін алып қарасақ та, адамның еңсесін көтеріп, көңілін шаттыққа бөлейтін әртүрлі қызықты да шыжықты парктер болатыны баршамызға мәлім. Кеңес өкіметі тұсындағы парктер тәтті балмұздақпен, су атқылаған фонтанмен, қызыл ала шарлармен мәңгілік  есте қалса, ал қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, яки, қазіргі замандағы парктер қандай ерекшелігімен халық жадында, балалардың жүрегінде қалмақ? Бұл жұмбақтың шешімін табу – оңай болары айдан анық. Өйткені, ғылым мен техника қарыштап дамыған кезеңде әрқашан балаларға арналған ойын-сауық орталықтары табылады. Жаңа заманның  парктеріне тоқталмас бұрын, ең алғашқы ойын-сауық паркі қашан, қай кезеңде құрылғанын айтып өткенім жөн болар. 

Әлемдегі ең алғашқы ойын-сауық орталығы – Балалар жазушысы әрі ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің һәм  жұпар гүлдердің  отаны саналатын Данияның, Кампенборг қаласында Баккен деген атпен 1853 жылы ашылып, балалар мен бүлдіршіндерді бұрын сонды болмаған жаңа аттракциондармен қарсы алды. Dyrehavsbakken ұғымының қысқартылуынан бренд атауға ие болған Баккен паркі өзінің тұңғыш «Америкалық тауларын» 1932 жылы жасап шықты. Ескеретін бір жайт, алып әткеншектер әлі күнге дейін сапалы жұмыс жасап келеді.

Жас жөнінен ескі парктер ішінде екінші орынды алатын, Wurstelpratet, оны  Prater деп те атайды,  Австрияның Леопольдштадт атты жерінде орналасқан парк 1766 ашылған. 

Қазіргі заманның заманауи парктері

Ең танымал парк әрине АҚШ құрама штаттарында орналасқан. Ал ең үлкен парк Кәріс мемлекетінің Сеул қаласында орналасқанын білесіздер ме? Ол әлемге Лотте Волд (Lotte World) деген атпен белгілі. Аталмыш парк Гиннестер рикорды кітабына бүкіл дүние жүзіндегі көлемі жөнінен үлкен болып есептелінетін парктер тізіміне еңген. Парктің сыртқы құрылысы Диснейлендке шамалы ұқсайды. Ал ішіне кірген жан мүлдем басқа әлемге түскендей керемет әсерде болады. Өзіңізді бір сәт бала ретінде сезініп, көңіл көтергіңіз келсе, паркке баруға кеңес береміз!

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *