Ван Гог мұражайы

Ван Гог мұражайы – Нидерланды мемлекетінің астанасы Амстердамда орналасқан. Мұражайда мұқым әлемге танымал суретші, кескін өнерінің шебері Винсен Ван Гогтың ірі сурет коллекциялары  көненің көзіндей аса ұқыптылықпен сақталынған. Бұдан бөлек суретшінің замандастары саналатын Поля Гоген, Жорж Сёра, Поля Синьяка, Клод Моне, Анри Тулуз-Лотрека, Пабло Пикасс сынды тұлғалардың көркем туындыларын мұражайдан кезіктіруге болады. 

1890 жылы ұлы суретші Ван Гог дүние салып, оның барлық суреттері ағасы Теоға қалады. Алайда Тео ауыр сырқатқа ұшырап, Ван Гогтың қазасынан кейін тура алты ай өтісімен көз жұмады.  Ол өмірінің соңында ағасының мұрасын сүйікті жұбайы Йоханне Гезине ван Гог-Бонгерге тапсырады. Йоханне ханым суреттерді көзінің қарашығындай сақтап, Эмилем Бернар есімді кісімен дос болуының арқасында  Ван Гогтың суреттерінен  көрме ұйымдастырады. Ван Гогтың атын  бүткіл еуропаға мәшһүр қылған бірден бір адам Йоханне ханым еді. Йоханне ханым жан тапсырған соң, Ван Гогтың жауһар туындылары  Винсеном Виллемомнің қолына өтіп, ақыр аяғы Амстердам мұражайына табысталады. 1962 жылы коллекциялар негізінде Ван Гог фонды құрылады.  Ал 1973 жылдың 2 маусым айында көптен күткен Ван Гог мұражайы алтын қақпасын айқара ашады. Мұражай әлі күнге дейін өзінің қонақтарын құшақ жая қарсы алып, көрермендерді таңғажайып суреттерімен таңқалдырып келеді. 

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *