Одри Хепберн жайлы не білеміз?

Американың биік шоқ  жұлдызы Одри Хепберн 1929 жылдың 4 мамырында Брюссель астаналық ауданындағы Иксельде жарық дүние есігін ашты. Есімін Лос-Анджлестегі Голливуд бульварында ғана емес, тарихтың сахнасында тайға таңба басқандай алтын әріппен қалдырған Одри Хепберн – әртіс әрі фотомодель, қоғам қайреткері болып отаны үшін ерен еңбек етті. Балалық шағынын аспанын Нидерландыда өткізген Одри – екінші дүниежүзілік соғыс барысында Германия оккупациялаған Арнемде анасымен бірге тұрады. Арнемде балеттің қыр-сырын меңгеріп, 1948 жылы Лондон тетр сахнасында өнерін паш қылады. Алайда бойы қажетті мөлшерден жоғары болғандықтан биді тастауға мәжбүр болады. Оның үстіне өзін-өзін қаржылай қамтамасыз ету мәселесі маза бермей, жас әртістің өмірі басталмай жатып, қиын соқпақтарға, тар жол, тайғақ кешулерге толы болады. Бағына орай, Одриге тағдыр әртістік талантты тарту етеді. Осылайша, Одри кино саласының жаңа белесін, заңғар шыңын бағындырамын деген тоқтамға келеді. Ол «Жеті сабақ ішіндегі Голландтық», «Жұмақтағы күлкі»,  «Лавендр Хилл бандасы» фильмдеріне түсу арқылы киноиндустриядағы ең үзді  һәм озық әртісі атанады. Оның кино саласында атқарған өлшеусіз еңбегі әрдайым халық жадында сақталып,  ұрпақтан ұрпаққа үлгі болып жетері анық.

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *