Мэрилин Монроның өміріне саяхат

XX- ғасырдың ең атақты моделі, кино саласының үздік майталманы, әртіс, көмейінен күміс әуен төгілген әнші – Мэрилин Монро 1926 жылы Лос-Анджелес емханасында дүниеге келді. Әлемді өз сұлулығымен, шынайы болмысымен таңқалдырған Мэрилин Монроның балалық шағы біз ойлағандай керемет, балғын болмады. Жеті жыл бойы асыранды ата-анасымен тұрған болашақ әртіс ақыры балалар үйіне көшіп, тағдырдың ауыр тәлкегіне ұшырайды. Он алты жасында балалар үйінен қашып шығу үшін Джима Догерти есімді кісіге тұрмысқа шығады. Алайда әртістік мансапты көздеген,  аңсаған Мерилин 1946 жылдың аяғында күйеуімен ажырасуға бел буады.  Бірінші күйеуімен ара-қатынасты үзер алдында Мерилин 20th Century Fox студиясына статист болып жұмысқа тұрады. 1944 жылы Дэвид Коновер атты фотографты кездейсоқ жолықтырып, онымен берік байланыс орнатып,  фотомодель ретінде суреттерге түсе бастайды. Бейнет пен қайғыдан көз ашпаған Мерилин енді өз жолын тапқандай болады. Ол тек фотоиндустрия саласында ғана емес, кино өнерінде бірталай асуларды бағындырып, биік шыңдардан  көрінеді. 

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *