Круассанды ойлап тапқан кім?

Францияның үздік кондитерлік өнімі саналатын круассандар – міндетті түрде таңғы ас мәзіріне кірістірілетін тағамдар қатарына жатады. Париждің әр асханасынан, дүкенінен табылатын круассандарды түптеп келгенде кім ойлап тапты? Шын мәнісінде, бұл сұрақ төңірегінде түрлі болжамдар қалыптасқан. Мәселен, солардың бірі, Австриялықтардың жаңа тағам түрін ойлап табуы жайындағы аңыз. Тарихшылардың пікірі бойынша, ең алдымен австриялық солдат, кейінірек Август Занг есімді бизнесмен круассандардың пайда болуына негіз болған. Август Занг 1838 жылы «Венгрлық бәліштер» (Boulangerie Viennoise) деген атпен Париждің төрінде дүкен ашады. Дәл осы дүкенде алғашқы круассандар сатылып, халықтың зор сүйіспеншілігіне ие болады. 1853 жылдан бастап қана француздық қайраткерлердің круассандарға назары түсіп, газет-журнал беттерінде круассандар туралы  жылы лебізге толы мақалалар пайда болады. 

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *