Қазанғап Тілепбергенов

Қазанғап Тілепбергенов (1854-192 Іж.ж.) — куйші. Ол
«Ақжелең» деген атпен күйлер топтамасын жасады, оған
Қазанғаптың жоғарғы көркемдікті және айрықша-ырғақты кұрылымды 62 күйі енген отыр. Композитор шығармашылығындағы маңызды орын «Жырлар» атты күйлер жинағына шоғырланған. Бұл сериядан бізге белгілілері: «Ноғай жыр-күйі», «Азалау күйі», «Бекет күйі» жэне баскалары. Қазанғап -«Балжан», «Үлкен Қаратөс», «Кіші Қаратөс» күйлерінде адалдык касиетті «Ак сұнкар», «Көкіл», «Ақ ат» күйлерінде, табиғат пен жануарлар дүниесін, «Аяныш», «Әлемнің жалғандығы», «Дар» күйлерінде адамның рухани әлемін жырлайды. Оның шығармашылығында 1916ж. окиғасына арналған «Окоптар», «Халык арасында калды», «Айтыс» күйлерінің маңызы зор. Қазанғап өз күйлерінде өзі өмір сүрген уакыт тынысын білдірді.
Ол — сонымен катар, талантты орындаушы ретінде жақсы танымал. Күйлері: «Ақжелең», «Балжан қыз», «Бүраң бел», «Домалатпай», «Жұртта калған», «Көкіл», «Жемнің тасуы», «Ноғайлының боскыны», «Нар иірген», «Мамыт», «Кызыл кайың», «Ыскырма», «Қыз Акжелең», «Қиту-киту, қайт-кайт», «Майда қоңыр», «Орынбай Акжелең», «Тентек Акжелең», «Торы жорғаның бөгелек кақпайы», «Ыскырма» т.б.
Ералыұлы Мәмен (1859-193 Іж.ж.) — Құрманғазының алдын көрген төл шәкірттерінің ішінде дарынды күйшілігімен
танылғандарыньщ бірі.
Мәмен 1859 жылы қазіргі Орал облысына карасты Жаңакала ауданының Қарасамыр деген жерінде дүниеге келіп, осы облыстағы Бекалмак деген жерінде 1931 жылы дүние салған. Бұл өңірде күйшіліктің ұлы мектептері калыптасып, домбырашылықты өнердің шынына балайтын дәстүр калыптаскан. Әйгілі Әлікей, Түкеш сиякты дэулескер күйшілердің қанатты өнері Мәменнің бесік жыры сиякты кұлағына сіңіп өссе, ұлы Құрманғазының жанына еріп тағлым алған. Орайлы жерде Мәмен өз түрғылыстарымен өнер сайысына
түсуден тартынбаған. Бұл орайда, Нүрпейіс келіні Динамен Мәмен арасындағы күй айтысы ел есінде қалған. Өзінің алдындағы жэне айнала-төңірегіндегі бірінен-бірі өткен күйшілердің өнерін мінсіз меңгерген Мэмен кейін күй шығарғанда өзіндік колтаңбасын тауып, өзіндік әуен-сазбен
төңірегіне мойын бұрғыза білген күйші.
Мәменді күйші ретінде даралап тұратын касиет, оның күйлеріндегі түр мен мазмұнының тастан кашалғандай
18
тұтастықта жарапуы десе лайык. Бөтен дыбыс, бөгде қағыс — Мэмен күйлеріне мүлде жат. Оның күйлерінің әуен-сазы мен бітім қүрылысының біте кайнасып жататыны соншалық, бірде- бір дыбыстық иірімдерді какас калдырып тарту мүмкін емес. Яғни оның күйлері жанды жаратылыс сиякты, артык біткен ештеңесі жок, бір ғана демнен жаралып, табиғаттың өз кұрсағынан туғандай эсер береді. Әрі әуен сазы бай, эрі бітім кұрылысы күрделі бола тұрып, мінсіз тұлға таныта алады.
Мәмен домбыраның бойында бар қасиетті қактап сауып, барлық мүмкіндігін шегіне жеткізе пайдаланады. Сондықтан да, оның күйлері домбыраның бас буыны мен орта буынында, кіші сағасы мен үлкен сағасында көсіле шалқып, армансыз сыр төгеді. Себебі, оның күйлері неғұрлым шебер домбырашының қолына тиген сайын мазмұны байып, эуен-сазының мән-мағынасы терендеп, қүлпыра түседі. Мэмен күйлеріне екінің бірінің жүрегі дауалай бермейтінінің бір сыры осында. Бүл жөнінде казак музыкасының білікті маманы Райымбергенов Абдулхамит пікірі шыншылдығымен ден қойғызады. «Мәменнің бізге жеткен алты күйі,-дейді Абдулхамит, — оның үлкен мұрасының бір бөлшегі. Шығармаларының күрделілігі мен орындау әдісінің киындығы оның күйлерінің жоғалып, ұмытылып кетуінің бірден бір себебі болды. Мәмен күйлері тек кана шеберлігі толысқан, дарынды домбырашылардың ғана репертуарында сактапған»/«Күй қайнары». 1990.216-бет/.
Кез келген ірі суреткер сиякты, Мэмен күйлері де халыктың тарихи-элеуметтік өмірімен, рухани мәдениетімен кіндіктес болып келеді. Рас, Мәмен ел билеп үкім айткан төре емес, топты жарып төрелік айткан би емес. Құба төбел, дөңгелек қана шаруасы бар адам болған. Жас кезінде кісі малын бағып, есейе келе өмірінің денін егіс басында корыкшы болып өткерген. Бірак, сергек санасы мен тегеуінді дарыны оны ел өмірімен әсте шет етпеген. Мәмен шығарған күйлері: «Акшолпан»
«Қайғылы қара»
«Оң алтыншы жыл»
«Дүрбелең» /«Он жетінші жыл»/
«Қаражан ханым»
«Кербез ақжелең»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *