Күй анызлары (м ін езд е м е с і)

Күй анызлары (м ін езд е м е с і)
Халык күйлерінің аңызына шығарушысы белгісіз, бірак уақыттың жаңартып-жаңғыртуынан өткен, талай ұрпактың талғам сүзгісінен шықкан күй аңыздары жатады. Халық күйлерінің аңыз-эңгімесіне көбінесе тарихи окиғалар, қиял- ғажайып аңыздар, жан-жануарлардың бітім-касиеттері аркау болып отырады. Сонымен қатар, байырғы салт-дәстүр, наным- сенімдер де халық күйлерінің аңыз-әңгімесіне негіз болады. Мысалы, «Саймактың Сарыөзені», «Сырым сазы», «Қаражорға»,
«Кенес» күйлері ел басынан өткен тарихи оқиғаларға байланысты туылған. «Тауқұдірет», «Акку», «Шыңырау» күйлері аңыз-әңгіме, киял-ғажайып ойдан туған. «Шұбар ат», «Бозінген», «Бозайғыр», «Тарғыл бүқа» күйлерінің аңызы төрттүліктің, баска да жан-жануардың ерекше касиеттеріне арналады. Халык композиторлары күйлерінің аңызына, шығарушысы белгілі күйлердің аңыз-әңгімелері жатады. Мұндағы басты ерекшелік — күйдің өзі де, аңызы да сол күйді шығарушының өмірімен тікелей байланыста дүниеге келіп отырады. Күйші-композитордын ел- халык өміріндегі жағдайға карым-қатынасы, басынан өткен окиғалары, төңірегіндегі кұбылыстарга катысты сезім-эсері эдемі аңыз-эңгіме түрінде ұрпактан-ұрпакка жеткен. Мысалы, Кұрманғазының басынан өткен киын күндердің айғағындай
«Кісен ашкан», «Түрмеден кашқан» күйлері, Тәттімбеттің туған жерге деген аяулы сезімнің куэсіндей «Саржайлау» күйі тікелей сол күйшілердің өмір-тынысымен сабактасып жатыр. Қазіргі замангы күйші-композиторлар шығарған күйлердің аңыз-әңгімесі де көбінесе күйшінің өмірімен, эсер-сезімімен астасып жатады. Мысалы, Т. Момбековтың «Салтанат», Қ. Ахмедияров «Ак кайың», К. Күмісбеков «Өмір жолы» т. б.
Күй аңыздарын күйдің өзімен шендестіре отырып, күрылым мәселесін шешуге, күй мен күй аңызының ара қатынасына, олардың мағыналық байланысына мэн бере отырып, фольклорлык жанр ретінде күй аңыздарын кұрылымдык-
тақырыптық касиеттері бойынша жүйелеуге болады :
— Тарихи оқиғаларға арналған күй аңыздары.
— Күйші композиторлар өміріне қатысты күй аңыздары.
— Тұрмыс-салтқа байланысты туған күй аңыздары.- Арнау күйлерінің аңыз-әңгімелері.
ю
— Қоршаған орта, табиғат туралы күй аңыздары.- Жан-жануарлар туралы күй аңыздары.
Күй аныздар неғүрлым байырғы болған сайын мифтік, әпсаналық, аңыздық сипаты басым болады. Берідегі ғасырлардың, бергі кезендердің оқиғаларына арналған күй аңыздары өзінің тарихи деректілігімен, әсіресе, жеке адамдар өңіріне қатысты мағлүматының молдығымен назар аударады.
Түрмыс-салтка байланысты туған күй аңыздары ел өміріндегі айтулы оқиғаларға байланысты дүниеге келеді. Түрмыс-салтқа байланысты күй аңыздарының ел ішінде калай туындайтынына , кандай ерекшелігінің болатынына айғак ретінде әйгілі күйші Есбай Балұстаүлы (1842- 1910) тартқан «Үш ананың айтысы» атты тармакты күйдің аңызын айтуға болады.
Халық күйлерінін ішінде «Нар идірген», «Тепеңкөк»,
«Кербез кыз», «Сал жігіт», «Кэрібоз бен Салторы», «Қара атты мен торы атты» т.б. сиякты күйлерінің аңызында тұрмыс- салт көріністері басым болып келеді.
Арнау күйлерінің аңыздарының басты ерекшелігі — күйші өзінің шығарар күйін қадірі артқан адамына арнайды. Мысалы, Махамбет Өтемісүлының «Тарлан», «Жұмыр қылыш», Қүрманғазы Сағырбайұлының «Төремұрат» күйлерін атауға болады.
Қоршаған орта, табиғат туралы күй аңыздарының басым көпшілігі халык күйшілерінің өмірімен байланысы бар ата- мекенге арналады. Бүл ретте Боғда Қараүлының «Бозтөбе», Махамбет Өтемісүлының «Қиыл кырғыны», Тәттімбет
Қазанғапүлының «Саржайлау» т.б. күйлерін атап өтуге болады.
Фольклорлық туындылардың баска түрлеріне қарағанда жан- жануарларға арналған күй аңыздарында акпар бергіштік, дерек айтқыштық басым болып келеді. Ондай акпар бергіштік, дерек айткыштық касиеттер мифтік күй аңыздарында себеп-салдарлык («Тауқүдірет»), қиял-ғажайыптык («НІүбар киік», «Шыңырау»), шежірешілдік («Аксак кұлан», «Желмая»), әңгімешілдік («Ақку», «Жетім торы», «Балжыңғыр», «Жорға аю», «Тепеңкөк») сипатта баяндалып отырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *