ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ АЛЫП КИНОСТУДИЯЛАР

Біз өзімізді еріксіз қиял алқабына әкететін әлем киностудиялары түсірген көркем фильмдерді тамашалағанды аса жақсы көреміз. Бірақ олардың қайсысы мықты деген сауал қойып, пікір жарыстырып, бас қатырып жатпаймыз. Себебі, сапалы  фильм түсірген барлық киностудиялар  мына біздерге  алып да асқақ көрінеді. Ендеше, бірінен-бірі асып түскен киностудиялардың қайсы бәрінен озық? Яки, бәрінен үздік? Бұл сұрақтың жауабын төмендегі жазбалардан кейін біле аласыздар.

 

Әлем киностудияларының ішінде  Lionsgate компаниясы алтыншы орынды иеленді. Аталмыш компания: Алдау иллюзиясы,  Ла-ла-ленд, сынды фильмдер түсірген. 2017 жылы студия 879 млн доллар қаражат жинап үлгерді. 

Бесінші орынды  Sony студиясы алды. Sony студиясы көрерменнің көз жауын алатын бірталай фильмдер түсіргені баршамызға белгілі. Олардың қатарына: Өрмекші адам (барлық бөлімдері), Смурфиктер, Монстрлар каникулда, Джуманджи. 2017 жылы студия 948 млн долларды қанжығасына байлады.

Ал төртінші орын әрине бізге Икс адамдар, Аватар, Дэдпул және білектілер клубын сыйлаған – 20th centry FOX (20 ғасыр фокс) студиясына тиесілі.  Киностудия  1,36 млрд доллар ауқымды қаржы жинау арқылы өзінің бәсекелестерінен озып шықты. 

Үшінші орынға Universal киностудиясы шықты. Студия киносүйер қауымға: Юра кезеңінің паркі, Болашаққа оралу, Мен жексұрынмын (Гадкий я) , Форсаж сынды ғажап кинофильмдер сыйлап,  1,49 млрд долларлық пайда тапты.

Екінші орынды кім ұтты деп ойлайсыздар? Әрине, өздеріңізге белгілі таңғажайып сиқыршы Хәрри Поттердің басынан кешкендері туралы көркем шығарманы көгілдір экран бетіне шығарған (Барлық бөлімдері) – Warner Bros студиясы алды!

Әлемнің алпауыт киностудияларның алдыңғы қатары атанған – Disney студиясы  Marvel, Star wars, Кариб теңізінің қарақшылары фильмдерін түсіру нәтижесінде студия 2,27 миллиардов доллар  көлемінде қаржы жинады!

Сөзімді қорытындылай келе, бас жүлдеге, меніңше, Disney, Dream Works, Pixar, Netflix, Союзмультфильм, Қазақфильм студиясы лайық! Еңбек жолын 1934 жылы бастаған Қазақфильм студиясы: «Менің атым Қожа» (1963), «Әміре» (2018), «Балуан шолақ» (2019), «Жаужүрек мың бала» (2012), «Томирис » (2019), «Шоқан Уәлиханов» (1975), «Бала Жамбыл» (1996) , «Көшпенділер» (2006), «Қыз Жібек» (1970) көркем фильмдерін түсіру арқылы көрерменнің жылы ықыласына бөленіп, биік шыңнан көріне білді!

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *