Ақшақар

 

 

№ 49 ЖОББМ шағын орталық

Ашық ұйымдастырырылған оқу қызметінің

конспектісі

Тақырыбы: «Ақшақар»


                                                                Өткізген: Сабирова Н.С

 

           «Еркем-ай»ортаңғы тобының ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің  конспектісі

 

Тәрбиеші: Сабирова Н.С

Күні:03.02.2020ж

Білім беру саласы: Коммуникация,Таным

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту,Құрастыру

Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат»

Мақсаты: Балаларға ертегі мазмұнын түсіндіру. Ертегі кейіпкерлерінің әрекеттері мен жүріс – тұрысына талдау жасауға, оларға баға беруге үйрету.Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.Қамқор болуға, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Ертегі желісі бойынша түсінік беру.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап,сахналау.

Қажетті көрнекі құралдар: Суреттер,атрибуттар,слайд.

Билингвальді компонент: ақшақар – снегурочка, ата – дедушка,әже-бабушка,қар-снег,мұз-лед

Оқу қызметінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығу-

шылығын

ояту

кезеңі

 

 

Балалар күн суық болса да,біздің жүрегіміз шаттыққа толы.Жылуымызды жан-жаққа беріп,шаттық шенберін құрып,келген қонақтарымызбен амандасып алайық..Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрамыз.

Арайлап таң атты.

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз.

Жайнай түссін даламыз.

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достарым!                                                               Балалар мен қазір сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.                                                                                         Шанамен сырғып желетін.

Коньки, шаңғы тебетін.

Аққа жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсыңдар деп ойлайсыңдар балалар?

Қыс мезгілінің белгілері қандай?

Ендеше,боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?

Қатты аяз болып,тоңғанда не істейміз?

Ал күн шыққанда не істейсіңдер?

Қыста балалар қандай ойындар ойнайсыңдар??

Билингвизм: Қыс-зима-winter                                            

Шеңберге тұрып, өлең сөздерін бірге қайталап айтады.

Қыс мезгілі  Боран соғады ,аяз болады. Қар жауады.

қыс мезгілі

Шанамен сырғанау, коньки тебу.аққала жасап ойнау.

Балалар қолдарын жоғары көтеріп гуілдейді.Қолда-рын қусырып,аяқта-рын топырлатады.Алақай деп қолдарын көтереді. үш тілде айтып өту.

Ұйымдас-

тырушы-

лық

ізденіс

кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғажайып сәт:  (Музыка ойнайды)                                             Қонаққа Қар ханшайымы келеді.

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Мен сендерді ертегілер еліне шақыруға келдім.                                                             Ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

Қандай ертегілерді білесіңдер?

Жарайсыңдар! Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер.Балалар ертегілер еліне барып,ертегі тамашалағыларың келе ме? Олай болса балалар кәне дайындалыңдар! Ертегілер еліне баратын жолымыз алыс болғандықтан,мен сендерге өзім жол көрсетіп, алып барамын.

Тәрбиеші: Жарайды Қар ханшайымы.Балалар  қазір қыс мезгілі болғандықтан,күн салқын,әлі жолымыз  алыс екенін бәріміз білеміз.Сондықтан да балалар кәне басымызға бас киімізді,үстімізге тон киіп,аяғымызға етік,қолымызға қолғап киіп ,шаңғымызды аяғымызға киіп ертегілер еліне жетейік. (шаңғы тебу)                                                                               Тоңса біздің қолымыз.

Қолғап киіп аламыз

Сарт-сарт,сарт-сарт.

Шапалақтап ұрамыз.

Тоңса біздің аяғымыз.

Етік киіп аламыз.

Топ-топ,топ-топ

Тарсылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз

Тонды киіп аламыз.

Зу-зу,зу-зу

Шанаменен зулаймыз.

(өлең айтып жүру)                                                                        Қар ханшайымы:Ал балалар ертегілер еліне,менің әлемімеде келіп жеттік.Қош келдіңдер!  Қазір қыс мезгілі болғандықтан ертегілер елінде мен сендерге  «Ақшақар» ертегісін ұсынғым келіп тұр.Тыңдағыларыңыз келе ме? Кәне,тамашалаңдар!                                                                                  Ертегіні балаларға айтып беру.  Слайд арқылы көрсету                                           

«Ерте,ерте,ертеде шал мен кемпір болыпты.Олар тату-тәтті өмір сүріпті.Бірақ олардың  балалары болмапты.Солай тұрып,уақыт өте беріпті.Жыл артынан жыл,мезгіл артынан мезгіл өте беріпті.Сөйтіп қылышын сүйреп қыста келіп жетті.Үлпілдек қар аспаннан толассыз жауды. Барлық кішкентай балалар аулаға шығып ойнап, аққала жасай бастады. Қарт мен кемпір терезеден қарап қызықтап отырды. Бір мезетте шал: «Кемпір, кәне екеуімізде қардан мүсін жасайық,аққала соғайық,-деді.» Кемпірі келісе кетті. Екеуі қардан ақшақар жасады.Көздерін көк моншақтан,ернін қызартып жасады. Екеуі қардан жасалған мүсінге қызықтап қарап тұрғанда,Ақшақар тіріліп кәдімгі қызға айналды. Ол сағат сайын өсіп керемет аруға айналады.Атай мен әжейдің қуаныштарында шек болмайды.Сөйтіп олардың өмірінде қуаныш орнап,Ақшақар үй тірлігіне қолғабыс етіп,септігін тигізіп жүреді.Қыс өте шығып артынан көктем келеді.Барлық жан баласы қуанып жатады.Тек Ақшақар мүлдем көңілсіз болады.Атасы мен әжесі асты-үстіне түсіп әлек.Сөйтіп жүргенде жазда келіп жетті.Ақшақар одан бетер мұңая түседі. Бір күні дос қыздары келіп Ақшақарды орманға жидек теруге шақырады.Алайда ол барғысы келмейді.Бірақ атасы мен әжесі барып сергіп қайт,бәлкім көңілін көтеріліп қалар деп жібереді. Содан барлығы орманға келіп мәз мейрам.Жидек теріп, гулден себеп жасап уақыттарын қызықты өткізіп жатады. Бір мезгілде оттан аттап ойнаймыз деп алау жағады. Барлығы қызу ойын үстінде Ақшақардыда шақырады. Тек ол ғана ойнағысы келмейді.Қыздар болмай оны ойнауға шақырады. Ақшақар оттан аттай бергенде еріп,бу болып ұшып кетті.Ал қыздар оны таба алмай:- «Ақшақар,Ақшақар,ау,ау» -деп дауыстап айқайлап,тек орман ішінде өз дауыстарының жаңғырығын естиді.»                 Қар ханшайымы: Балалар мен ұсынған ертегі сендерге ұнады ма?                                                                                      Тәрбиеші:балалар кәнекей Қар ханшайымына ертегіден алған әсерлерімізбен бөлісейік.

— Ертегіде не туралы айтылған?

— Қандай кейіпкерлер бар?

— Сендерге қай кейіпкер ұнады?

-Ақшақар неден жасалды?

Балалар қарды үш тілді айтып шығайық.                   

Билингвизм:Қар-снег- snow

Қар ұшқыны-снежинка-snowflake                                                        Балалар ертегіде Ақшақар қыздармен қайда барады?

Орманда Ақшақар қыздармен не істейді?   

Ал кәне бізде сол ертегідегі Ақшақар орманда қыздармен оттан секірген жерін еске түсіріп  жіберейік.                                                                       Қимылды ойын: «Оттан секіру»

Тосын сый:Ата мен әже  жылап кіреді. Біздің қызымыз қыздармен орманға кетіп еді.Әлі жоқ.                                                Балалар бізге Ақшақар қызымыз керек.Біз оны таба алмай қалдық.Біз олсыз қалай өмір сүреміз енді?!

Тәрбиеші: Балалар біз ата мен әжеге көмектесеміз бе?                                            Жыламаңыздар! Ата!,Әже! Біз сіздерге көмектесеміз. Ақшақар қыздарыңды жасап береміз.Балалар ертегідегі Ақшақарымыз неден жасалған еді?

Ұжымдық жұмыс: «Ақшақар жасау» 

Балалармен бірігіп Ақшақар жасап беру.Құрастыру                                  

(ата мен әжеге табыстау)

Тәрбиеші: Ата мен әже, балаларымыз сіздерге Ақшақар қыздарыңызды жасап берді.Қабыл алыңыз!

Ата мен әже: Балаларым рахмет сендерге.Осындай қартайған шағымызда көз қуанышымызды, қайта ортамызға әкеліп бергендеріңе рахмет.Сау болыңыздар! 

Тәрбиеші: Қар ханшайымы балаларымызды бір сергітіп жіберсеңіз.

Қар ханшайымы: Жарайды. 

Қимылды ойын: «Сиқырлы таяқ»                                                      Тәрбиеші: Қар ханшайымы біз ертегі елінде біраз болдық.Бөбекжайымызға оралатын уақытымыз болды.                                  Қар ханшайымы:Дұрыс айтасыз. Ертегі елінде уақыттарыңды жақсы өткіздіңдер деген ойдамын.Ата мен әжені де қуантып тастадыңдар.Ертегіні де жақсы сомдадыңдар.Болашақта тағы да ертегі еліне келеді деген ойдамын.Ендеше ертегі елінен,менің атымнан сендерге сыйлығым бар.Оны тәрбиеші апайларыңа беремін.Бөбекжайға барған соң,өздеріңе табыстар.                           Ал сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Ал  кәне балалар қайтадан келген жолымызбен бөбекжайымызға оралайық.Бас киімізді,қолғабымызды,етігімізді киіп, аяғымызға шаңғымызды тағып тобымызға оралайық.

-сәлеметсізбе

    Қар ханшайымы.

Ия

«Ақшақар», «Бауырсақ» , «Жеті лақ», «Маша мен аю» т.ю

Ия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылған қайталап,        шаңғы тебеді.

Ия.                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

рахмет

 

 

Тәрбиеші ертегіні балаларға оқып береді.Балалар ертегіні мұқият, зейін қойып тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Ұнады.

-Ақшақар туралы.

-Барлығы.

-Қардан.

Қар-снег-snow

Қардан.          

 

Ия,көмектесеміз.

Орманға

Оттан секіреді

Балалар ақшақарды жасап береді

Балалар ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді.

Балалар                                                                 жұмыстана-ды.                          

Балаларға көрсету

 

Сау болыңыз

 

 

Балалар ойынды қызықтап ойнайды.  Өлең сөздерін бірге айтып, сәйкес қимылдар жасайды                  Ата мен әжеге

Сау болыңыз.

Балалар өлең айтып топқа оралады.

Оқу қызметінің  

бағалау кезеңі

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін қорытындылау мақсатында бірнеше сұрақтар беріп, жауаптарын тыңдаймын. Сұрақтарға дұрыс, белсене жауап берген балаларды мадақтаймын.Балалар бөбекжайымызға оралғанымызға қуаныштымын. Балалар біз қайда барып келдік? Қандай ертегіні тамашаладық?Кімдерді көрдік?  Кімдерге көмектестік?   Не жасадық? Ертегілер елінде сендерге ұнадыма? Жарайсыңдар балалар! Сұрақтарыма жақсы,белсене жауап бердіңдер.Ендеше мен сендерге Қар ханшайымы берген сыйлықты табыстаймын.

 

Ұнады. Сұрақтарға белсене жауап береді. Балаларға көмектесу, балаларды мадақтау, жұмыстарын талдау.

ауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: ертегінің мазмұнын біледі

Қандай түсініктерді игерді: Ақшақарды қардан жасайтынын

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Адамдарға жақсылық жасап,қуаныш сыйлайдың маңызды екенін меңгерді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *