Haileybury Astana мектебі

Haileybury Астана мектебі – Нұр-Сұлтан қаласындағы әдемі табиғи парк аумағында, нақтырақ айтқанда, Есіл өзенінің жағасында, Панфилов көшесі 4-інші қиылыста орналасқан. Алыстан көз тартатындай әсем архитектурасы бар мектептің тарихы сонау 2011 жылдан бастау алады. Алғаш бұл білім ордасының іргетасы елбасы, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтің жетекшілігімен 2011 жылы қаланды. 

Мектеп оқушылары IB World бағдарламасы бойынша білім нәрімен сусындап қана қоймай, әлемнің ең атақты әрі үздік білім ордалары саналатын жоғары оқу орындарына грантқа түсу мүмкіндігіне ие болады. Аталмыш мектептің оқушылары ерте жастан-ақ әртүрлі интеллектуалдық һәм концерттік іс-шараларға қатысуға машықтанады. Осылайша, өздерінің бойындағы дара қасиеттерді сабақтан тыс өтілетін мерекелік іс-шараларда да жетілдіреді. Мектеп директоры Джоун Клоус кезекті кіріспе сөзінде: Біздің мақсатымыз – біздің ұлдар мен қыздарымызды Haileybury мектебін бітіргеннен соң бәсекелі жаһандық еңбек нарығында табысқа жету үшін қажет өмірлік дағдылар мен академиялық біліммен толыққанды қамтамасыз ету деп тұшымды пікір айтқан болатын. Расында, Haileybury Астана мектебінің түлектері қазіргі таңда еліміздің жарқын болашағы үшін ерен еңбек етуде. 

Мектеп туралы қосымша ақпаратты https://www.haileybury.kz/ru/astana сайтынан ала аласыздар. 

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *