ЧАРЛИ ЖӘНЕ ШОКОЛАД ФАБРИКАСЫ ФИЛЬМІ

Белгілі ағылшын жазушысы Руад Даһлдың  (Roald Dahl) «Чарли және шоколад фабрикасы» кітабы бір емес, екі рет экранизацияланған болатын. Бірақ көпшіліктің жадында 2005 жылы жарық көрген нұсқасы сақталынып қалды. Неге? Өйткені, басты рөлді Джонни Депп сомдаған болатын. Көркем туындыны әлі көрмеген  адам фильмнің жарнамалық мұқабасына қарап, оны шашы орташа келген бозжігіттің фабрикасы деп ойлап қалуы әбден мүмкін. Себебі, шоколад фабрикасы жоғарыда суреттеп өткен Вилли Вонкаға тиесілі. Олай болса, неге фильм «Чарли және шоколад фабрикасы» деп аталады? Кітабын оқыған, яки, фильмін тамашалаған кісі шоколад фабрикасының түптің түбінде Чарлиге қалатынын түсінеді. Міне, сондықтан, экранизация да, көркем шығарма да «Чарли және шоколад фабрикасы» атауына ие. 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *