Кирилл жазуы

Кирилл жазуы – көрнекті славян ағартушысы Кириллдің есімімен аталған славян әліпбиінің алғашқы екі түрінің бірі. Әліпбидің тарихынан сыр шертпес бұрын қайраткердің өміріне біраз тоқталып өткенім жөн болар. Кирилл 827 жыл шамасында Фессалоники (Солунь) қаласында дүниеге келген.  Кирилл славян елдеріне христиан дінін уағыздау мақсатында өзінің ағасы Мефодиймен Моравияға сапар шегудің алдында  863 жылы слаян әліпбиін жасап шығады. Ол  грек жазуының 25 әріпіне славян тілінің дыбыстарын белгілеу үшін қосымша 18 әріп қосып, 43 әріптен тұратын әліпби құрастырды. Осылайша,  IX ғасырдың екінші жартысында грек альфавитінің негізінде кирилл жазуы пайда болады. 

Славян жазуының графикалық екі түрі болған: 1) Кириллица (Константин Филосовтың екінші аты – Кирилл дегеннен алынған), 2) Глаголица (Көне славян тілінің «сөз» деген мағынасын білдіретін глагол деген сөзінен алынған).

Кириллицада 43 әріп болған, оның 24-і византиялық устав жазуынан (Византиское уставное письмо)  алынған да, қалған 19-ы славян тілінің ерекшеліктерін көрсететін әріптер ретінде жазылған. Демек, славяндықтар грек-византия жазуын жай ғана қабылдамай, оны өз тілдеріне ыңғайлап, әліпби жасаған. Қазіргі орыс әліпбиі (Альфавиті) осы аталған әліпбидің заңды жалғасы болып есептелінеді.

Славян альфавиті славян тілдерінің, соның ішінде орыс тілінің дыбыстық құрамына сайма-сай етіп жасалынған. Бұл әліпбидің ең үлкен жетістігі осында.

Біздің еліміз 1963 жылы славян әліппесінің 1100 жылдық мерейтойын атап өтті.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Кәкен Аханов «Тіл білімінің негіздері» оқулығы
  2. Уикипедия Ашық энциклопедиясы

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *