Билингвизм деген не?

Билингвизм – қостілділік, екі  тілде дербес ойлап, өз ойын емін-еркін қағазға түсіре білетін тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің әлеуметтік саласы. Қос тілді меңгерген адамдарды билингва деп атайды. Бұдан бөлек, тіл білімінде үш тілді білетін тұлғаларды полингва, ал үштен артық тілде сөйлей алатындарды полиглот дейді. Билингвизмнің екі түрі бар. Бірі –  табиғи, екіншісі –  жасанды. Табиғи билингвизм – бала күнде қалыптасады. Мәселен, интернационалды отбасыны алайық. Бүлдіршіннің  ата-анасы әр түрлі ұлттан болып, баламен екі түрлі тілде сөйлессе, онда соған сәйкес балдырғанның тілі билингвал болып қалыптасады. Бала қос тілде сөйлеуге машықтанып, өз ойын екі тілде де жеткізе алатын болады. Жасанды билингвизм – екінші тілді өз ана тілі  дәрежесіне жеткізудің кешеуілдетілген сатысы. Бірақ ескеретін бір нәрсе, кез келген тілді, яки, өзге тілді кез келген уақытта үйренуге болатынын ұмытпағанымыз жөн. Шет тілін меңгерудің арнайы соңғы мерзімі жоқ. Өзіңіз қалаған, жоспарлаған уақытта тілді үйрене аласыз. Оғам қам жемеңіз. Ең маңыздысы – ештен кеш жақсы. Алайда шет тілін ертерек үйренгеніңіз өзіңізге ыңғайлы болары анық. Себебі, бұл уақыт аралығында сіз қажет жаңа сөздерді меңгеріп, сөздік қорыңызды толықтырып шығасыз. Ендеше, сәттілік! 

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *