BarCamp немесе антиконференция
Мақсаты: әрбір қатысушы тәуелсіз ойлауды қалыптастыруға ықпал ететін ұйымдастырушы болып табылады.
Ұсынылатын әдебиет: Анти-конференция және оның қағидалары. Barcamp-тардың тарихы.
http://artkomi.ru/anti-konferenciya-i-ee-principy-istoriya-barcampov
https://www.pro-personal.ru/article/116597-anti-konferentsiya-v-deystvii-ili-chto-takoe-barcamp
Жүргізу алгоритмі: Түпкілікті ойы – әрбір қатысушы бір уақытта конференция ұйымдастырушы болып табылады. Барлық қатысушылар осы тақырып бойынша жаңа идеялар, презентациялар, ұсыныстар жасайды. Одан кейін ең қызықты идеяларды іздестіру мен олардың жалпы талқылауы өтеді. BarCamp ережелері:
1. Қызыққан адамдарға сөйлесуге тақырып табылады. Қатысушыларға сенім арту керек және олардың әңгімелері керекті, тіпті күтпеген арнаға алып келетінін түсіну қажет.
2. BarCamp-та жай ғана қатысушылардың болуына жол бермеу керек, барлығы өз ұстанымын қорғап, түсіндіруге дайын болулары керек.
3. «Анти-конференцияға» дайындалу қажет. Егер диалог жоспарланбаған бағытты алса, оны тоқтатудың қажеті жоқ, өйткені көбінесе күтпеген кездер ең таңғаларлық және құнды нәтижелер береді.
4. BarCamp-тың барлық мүшелері ол туралы блогтарда жазсын, әлеуметтік желілерде достарына хабарласын, ғаламторға видео салсын және форумдарда BarCamp-ты талқыласын. Шынайы емес конференцияда екі өмір бар: біреуі «алаңда», ал екіншісі ғаламторда.