Шығармашылық тапсырмалардың ұжымдық шешімдері
Мақсаты: Сіздің және әріптесіңіздің жеке тәжірибелеріңізге негізделген өзіңіздің «дұрыс» шешіміңізді табу.
Ұсынылатын әдебиеттер: Л.Ю.Сафонова, Интерактивті оқыту әдістері.
http://murmansk.buepl.ru/files/metod/inter.pdf
Өткізу алгоритмі: Тапсырмаларда нақты және бір сөздік жауап болмауы керек, шешім оқушылар үшін пайдалы юолуы тиіс. Іске асыру тәсілі:
1. Ұйымдастыру сатысы. Шығармашылық тапсырмаларды таңдау. Студенттер тобы топтық деңгейде талқылауға ыңғайлы кеңістікке ие бірнеше шағын топтарға бөлінеді. Топ спикерді, қарсыластарды, сарапшыларды анықтайды.
2. Дайындық кезеңі. Әрбір шағын топ бөлінген уақытқа қатысты тапсырманы талқылайды. Міндет — шығармашылық тапсырма бойынша топтық позицияны қалыптастыру.
3. Негізгі кезең — шығармашылық тапсырманы талқылау. Шығармашылық тапсырма бойынша топ ұсынған шешімдер естіледі. Әрбір шешімнен кейін қарсыластар сұрақтар қояды, жауаптарды тыңдайды. Қорытындылай келе, жалпы пікір қалыптасады.
4. Қорытындылау. Сарапшылар ұсынылған шешім жолдары бойынша пікір білдіреді. Мұғалім шығармашылық тапсырмаларды және ұсынылған шешімдердің тиімділігін шешу үшін кіші топтардың жұмысын бағалайды.