ҚАРАБЕК БАТЫР ЖЫРЫ

Бұл жырдың екі нұсқасы бар. Бірінші нұсқасы «Қарабек» деп аталады. Оны 1940 жылы, Қызылорда облысы, Арал ауданынан ССР Ғылым академиясының қазақ филалы ұйымдастырған экспедиция жинаған. Экспедиция мүшесі Асайын Хангелдин.

Жырды экпедицияға тапсырған сол елдің тұрғыны Бітімбаев Жаңаберген  (1886-1953), ол Арал ауданында мұғалім болып істеген. «Қарабек» жырын ол әкесі Бітімбайдан үйренген, ертеден айтылып келе жатқан жыр, бұрын жарияланбаған. Жинаққа біраз ықшамдалынып берілді. 

Екінші нұсқа «Батырлар жырының» II томында (1961, 77-145 б). «Ақсауыт» жинағының  II томында (1977, 167-219) жарияланады. Екі нұсқаны салыстыра зерттей келіп, Бітімбаев нұсқасының тілінің көркемдігі, сюжетінің тартымдылығы жақсы деп табылып, сол нұсқа жинаққа жіберіледі.

«Батырлар жыры»

жинағынан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *