ҚАҒАНАҚ БАС, ҚЫЛ КЕҢІРДЕК, ШИ БОРБАЙ ЕРТЕГІ

Баяғы өткен заманда Қағанақ бас, Қыл кеңірдек, Ши борбай үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап, айдалаға апарып сатыпты. Тоқтыны бұтарлап, етін қазанға салайын деп жатып, Қағанақ басқа:

– Жынын төгіп кел, – деп қарынды беріпті. Қағанақ бас қарынды тысқа алып шыққанда, қара шыбын қарынға да, Қағанақ бастың басына да қаптай үймелепті. Басындағы шыбынды қорып, қағамын деп, Қағанақ бас қолын қағыс сілтеп, өзінің басын ұрып алыпты. Пияладай жұқа төбесі ойылып, шарана шекесі шарт кетіпті. Жұмыртқадай жұқа басы жарылып, жан беріпті. 

«Қағанақ бас қалайша кешікті»? – деп, Ши Борбай далаға шыға келсе, өліп жатқан Қағанақ басты көре салып:

– Әй? Әттеген-ай! – деп, екі қолыменен екі санын салып қалғанда, шидей борбайы шорт етіп, ол да мүрдем кетіпті. 

Ши борбайдың дауысын естіп, Қыл кеңірдек сыртқа жүгіріп шығады да, өліп жатқан екі жолдасын көріп:

– Ойбай, бауырларым-ай! – деп дауыстай бергенде, өзінің қыл кеңірдегі қылғынып, тыныс ала алмай үзіліп кетіпті.

 Қазақ халық ертегілері

жинағынан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *