ШОКО ӘЛЕМ КІТАБЫНЫҢ 2 БӨЛІМІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Қазақ тілінде «Шоко әлем. Тылсым Элипсаһар» деген атпен фэнтези кітап жарық көрді. Аталмыш кітаптың авторы-Рүстем Сауытбай. Рүстем Сауытбай-қазақ тілінде фэнтези жанрында көркем шығарма жазатын жас авторлардың бірі. Еңбек жолын математика пәнінің мұғалімі болып бастаған Рүстем Сауытбай-бүгінде бірқатар фэнтези жанрындағы туындылардың авторы. Алғашқы шығармалары Ридеро, Букмейт сынды Ресейлік сайтттарда  қазақ тілінде жарық көрген. Қазіргі таңда фэнтези жанрында талмай еңбек етіп,  қазақ әдебиетіне өзінің үлкен үлесін қосып келеді.

Жас авторды кезекті тұсаукесерімен құттықтай отыра, кітап туралы шағын ақпарат ұсынбақпыз.

Кітаптың аннотациясы:

Сен сиқыр мектебінде оқыр ма едің? Иә? Жоқ? Үйіңе кілембуспен қоян ұшып келгенін елестете аласың ба? Бұл, шынында да, мүмкін бе деп ойланып қаларсың. Әлде бұған сенбейсің бе? Ал қарапайым жанұядан шыққан Элия мен Райл ғажап нәрселерді бастарынан кешті. Олардың керемет қабілеттері бар екенін өздері де білмеген.

Бір күні екеуі әжелері айтып берген үңгір арқылы Шоко Әлеміне түседі. Ол жерде олар ғажап нәрселерді жасауды үйрететін «Эллипсаһар» мектебіне шақырылады. Бірақ бәрі сен ойлағандай оңай емес. Өйткені қара ниеттілер қара сиқыр үйреніп, өз жоспарларын құруда. Олар қоян Кокидің жер бетінен әкелген тастан хабардар және ол тас Шоко Әлемінде жай тас болмай шығады…

Толық мағлұматты https://www.flip.kz/catalog?prod=1890323 сайтынан ала аласыздар! 

Құрметпен,

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *