ФЭНТЕЗИ ЖАНРЫНДА ЖАЗЫЛҒАН ҚАЗАҚША КІТАП РЕСЕЙДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ

КІТАПТЫҢ АННОТАЦИЯСЫ:

Мамандықтың қай түрі болмасын жұртқа бір игі пайдасы тиеді емес пе? Ал ол өз мамандығымның адамзатқа қаншалықты пайдасы тиетінін, өкінішке орай, білмейді. Өйткені, ол-жан коллекционері.

Атауы: Жан коллекционері
Жанры: Қара фэнтези
Жас шектеуі: + 16
Шығарманың тілі: қазақ тілі
Шыққан мерзімі: 21.12.2020
Жарық көрген жері: Ресей
Баспасы: Ридеро
Авторы: Алтыншаш Курманаева

 
АЛҒЫ СӨЗ
 
Мектеп қабырғасынан бері жазушы болуды армандап келе жатқан қиялшыл қыздың бүгінде утопиялық-арманы орындалды! Ұлы дала әдебиетіндегі фэнтези жанрын дамытуды көздеген, яки, қазақ әдебиетінің алтын байрағын әлемдік әдебиеттің өркениетінде жарық жұлдыздай танытуды өзіңдік мақсат тұтқан, жас талаптың мұраты бүгінде жартылай болса дағы шыңдалды!
Алаштың ежелгі мифологиясын қазіргі заманмен ұштастыра отырып, әдебиетіміздің қайнар бұлағына жаңашыл фэнтези жанрындағы көркем туынды сыйлауды қиялдаған қыздың кітабы бүгінде шетелдік кітап сату дүкенінде жарық көрді! Құрметті, оқырмандар, кітабымды сайт дүкенін оқып, өз бағаларыңызды берсеңіздер мен қатты қуанып қалар едім! Бұл-менің әдебиетті дамытудағы парызымды орындай алғанымды білдерер деп ойлаймын. Менің экзистенциялық талабым-өз атымды паш ету емес, қазақ әдебиетіне өзіңдік үлес қоса алатын мықты жазушы болу!
 
Мақсатшыл қыздың тілегін орындауға көмектескен, қолдаған барша жандарға шексіз алғысымды білдіремін! Әсіресе, ата-анам мен бауырларыма рақметімді айтамын! Сонымен қатар, арманымды таптамай, тілегімді жарылқай, өз қолдау-үмітін аямаған барша ұстаздарыма алғыс айтамын! Көп рақмет сіздерге! Жас өркеннің талабын нұрландыра түскендеріңіз үшін!
 
Кітап туралы толық ақпаратты төмендегі берілген сілтемеден өту арқылы біле аласыздар! Алдын ала рақмет!
 
https://ridero.ru/books/zhan_kollekcioneri/
 
 
Қосымша ақпарат: аталмыш кітап Алтыншаш Курманаеваның «Таңғажайып автобус» атты кітабының алғашқы бөлімі, яки, кіріспе оқиғасы болып табылады.
 
 

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *