PR ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРАДЫ

PR ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРАДЫ

Бектегенова Айым Маликқызы
bektegenova.12@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы, Астана, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі – Рыстина Индира Садыбековна

«Ұшы-қиыры жоқ теңіздей шексіз даланы неше алуан шөп басып,үлбіреген нәп-нәзік гүлдер бейне жасыл дастарқандай боп жайылады»,-деп Шоқан Уәлиханов айтпақшы, ғажап табиғат қашан да құнды дүниесімен тамсандыруын тоқтатпақ емес.Табиғат-Ана қайталанбас туынды, әсем дүние мол сезім, ерекше шабыт беретін, көркемдігімен есте қалар, келбетті пейзаж іспетті. Адам баласының табиғат аясында тыныстаған әрбір демі алапат күшке ие. Оны сөзбен түсіндіру тіпті мүмкін емес шығар,сірә! Адам мен табиғат егіз ұғым деп алсақ, осындай ерекше әрі ғажайып табиғатымызды бүгінде адамзат қадірлеп, таза саф ауасын ластамауға қаншалықты әрекет жасап жатыр?
Статистикаға сүйенетін болсақ, соңғы мұз дәуіріне қарағанда кейінгі дәуірде ауаның ластану деңгейі 100 есе көп жылдамдықпен артып келеді екен. Ауаның құрамын бақылайтын Гавай аралдарында орналасқан Мауна-Лоа атты станциясы көмірқышқыл газ бір шаршы метр ауа құрамында 400 миллиллитр бөлікті құрайтынын анықтаған. АҚШ ғалымдары мұндай көрсеткіштің соңғы рет тек соңғы мұз дәуірінде ғана, яғни 3 немесе 5 миллион жыл бұрын болған деген дерек таратқан. ауа құрамында көмірқышқыл газының артуы ғаламдық жылыну сияқты катастрофаға алып келеді. Ғалымдардың айтуынша, егер Жер орбитасын ластау шараларының алдын алмаса болашақта ол жарамсыз хәлге келеді. Ғаламшардағы бұндай қауіптің алдын алу үшін әлем бойынша түрлі жобалар жасалып, ұсынылуда. Мысалы, Италияда Capsula Mundi компаниясы «Зират орнына орман ағаштары» жобасын жасаған. Жобаның негізгі авторлары Анна Цителли мен Рауля Бретзелля. Бұл жоба тек тірі кезінде ғана емес, өз өмірін сүргеннен кейін де табиғатқа пайдасын тигізгісі келетіндер үшін. Инновацияның негізгі принципі қазіргі жерлеу түрінен мүлде бөлек. Адамның денесі органикалық капсулада сақталып, жерге көміледі. Оның үстіне ағаш отырғызылады. Капсула топыраққа зиян келтірмейтін биологиялық пластмассадан жасалғаннан кейін, ағаштар тез өсетін болады. Компания осындай бастаманы жүзеге асырмақшы. Бірақ бұл идея қазіргі күні тек жоба ретінде ғана қалуда, себебі италияның заңы мұндай жерлеуге тыйым салып отыр.
Мемориалды кешен емес, ағаштар саябағын құрудың түпнұсқа идеясы көптеген адамдардың қолдауын тапқан, өйткені граниттен жасалған ескерткіш қайта өмірді бере алмайды, ал отырғызылған ағаш тек адамға ғана емес, сонымен бірге барлық кейінгі ұрпақтарға беретін пайдасы мол.
«Зират орнына орман ағаштары» жобасы


Осы сияқты қызықты жобалардың тағы біреуі – теңіздегі тазалаушы шелектер. «Seabin» деп аталатын бұл жобаны Корольдік теңіз клубының мүшелері ойластырған. Құрылғы тура жүзу бассейндеріндегі сүзгі сияқты, тек бір айырмашылығы көлемі бір шелекке тең. Қоқыс қаптамасы 12 кг жүзетін қалдықтарды ұстай алады. Әзірлеушілердің идеясына сәйкес, Seabin нақты яхталар немесе жүзбелі понтонның айлаққа арналған қондырғыларында «проблемалық аймаққа» орнатылады. Олар Seabin-ден теңізде тұратын құстардың кездейсоқ сүзгіш қаптамаға кірмеу жағдайын жасап жатыр.
Сонымен қатар, қайта өңделген материалды өндірісте қолдануға болатындығын анықтау үшін жоба сынақтан өткізілу үстінде. Әлемдік проблеманың өзекті тақырыбы болып отырған табиғаттың ластануының алдын алу үшін жасалып жатқан мұндай жобалар өте көп. Алайда оның танылуы, іске асырылуы бәсеңдеу. Бұған бірден бір себеп – қоғаммен байланыстың тиімсіздігі.
Seabin жобасы

Негізінен табиғатты қорғау тек бір экологиялық ұйымның емес, ғаламшардың әрбір тұрғынына тиесілі міндет. Сол үшін де оның қоғамға таралуы мен жеткізілуі мейілінше жоғары дәрежеде болу керек. Экологиялық мәселелер бойынша хабардарлықтың болмауы — бұл адамның әрекетсіздігінің негізгі себептерінің бірі.
Батыс мемлекеттерде бүгінде экология бойынша PR ұйымдары ашылу үстінде. Түркия мемлекетінің де PR компаниясы «мобильді экологиялық білім беру құралдары» жобасын бастаған.Бастаманың негізгі мақсаты — барлық азаматтардың, әсіресе балалардың экологиялық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ «Қайта өңдеу, көміртек іздері, қалдықтар және т.б.» сияқты негізгі экологиялық ұғымдарды енгізу. PR процесін деректерді жинау, жоспарлау, іске асыру, шолу сияқты қадамдармен жүзеге асырған. Осы процесс аясында 400 000 ақпараттық брошюролар таратылып, театрларда экология жайында 250 қойылым қойылған. Бұл шет мемлекеттердегі PR-дың дамуының негізгі көрінісі. Ал, енді өз мемлекетімзге келетін болсақ, бізде табиғатты қорғау бойынша пиар қаншалықты дамуда?
2018 жылы The Eco Experts ұйымы энергияны көп пайдалану, ауаның Ластануы, таза емес атмосферадан зардап шеккен адамдардың саны бойынша әлемдегі ең лас 10 ел тізімін жасаған екен. Ол мемлекеттердің ішіне Сауд Арабиясы, Кувейт, Бахрейн елдері ең алғашқы 3 орында тұр. Бұл тізімге біздің мемлекетіміз Қазақстан да кіріп отыр. Қуантарлық жайт емес, әрине. Жоғарыда аталып кеткен жобалар сияқты табиғатты қорғау мақсатындағы ісәрекеттер біздің де елімізде жүзеге асырылуда. Алайда, неге ең лас 10 елдің тізіміне кіріп отырмыз?
2014 жылы «дүниеге келген әр балаға бір ағаштан» акциясы жүргізілген. Бұл акция 2017 жылы Жамбыл облысында, 2018 жылы Астанада болды. Ағаштардың санын арттырып, ауаны тазарту үшін керемет жоба. Бірақ бұл акцияны қазақстандықтардың бәрі біле бермейді. Дәл осы іспеттес, Семей полигонына, Арал теңізінің тартылуына байланысты жасалынып жатқан іс-әрекеттер көбіне беймәлім. Бұл тағы да қоғаммен байланыс жоқтығының дәлелі.
Сол үшін де бізге жаңа технологиялық ақпарат заманында PR саласының бір бағдарлама жасау немесе арнайы телеарна шығару сияқты жаңа жүйелерін қолдана білу керек. Ол ойластырылған істің нәтижеге жетуіне көмектесетін бірден-бір маңызды құрал. Әсем табиғатымыздың керемет құндылықтарын сақтап қалу – бәріміздің міндетіміз!
Қорытындылайтын болсақ, біз PR-ды тек компанияның, белгілі бір тұлғаның имиджін көтеру мақсатында ғана емес, әлемдік мәселелерді шешуде де дұрыс қолдануымыз қажет.
Әлеуметтік желілерден қоқыс тазалаушы аққу туралы бейнероликті көрген боларсыз? Ол аққу Татарстандағы Кабан көліндегі қоқыс қалдықтарын тұмсығымен тазалайды. Судың мөлдір болғанын қалаған аққу жақсылық жасау үшін адам болып туылудың қажеті жоқ екендігін дәлелдеп, көп жанның жүрегіне мейірімділік сыйлағаны анық. Дәп осы тіршілік иесі сияқты жер бетінің әрбір тұрғыны да табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаны таза ұстасақ, сұлу пейзаждың ғажайыптарына, тылсым дүниелеріне қанық бола түсеміз. Әлемді құтқару біздің қолымызда!

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Massaget.kz
2. http://lib.com.ua/intresting/sad-vmesto-kladbishcha-chto-zakazat-derevo-ili-granitnyypamyatnik.html
3. https://espanarusa.com/ru/news/article/568947
4. https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/v-chest-novorojdennyih-astanchan-budut-vyisajivatderevya-329393/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *