ОТАНДЫҚ НАРЫҚТА PR КИНОТУЫНДЫЛАР

ОТАНДЫҚ НАРЫҚТА PR КИНОТУЫНДЫЛАР

Төлен Жанерке
Журналистика және Саясаттану факультеті
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының 2 курс магистранты
Л.Н Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Тақырыбы:
1. Пиар продвижение казахстанского кино
2. Отандық нарықта PR кинотуындылар
3. The PR of Kazakhstan cinema’s promotion
Соңғы 15 жылда Қазақстан кинонарығында күштердің жайғасымы едәуір өзгерді. Оның үш негізгі даму кезеңін атап көрсетуге болады:
I кезең (1999-2004) – нарықтың пай да болуы. Бұл кезеңде көрермендердің жоғары қызығушылығына ие болған жаңа буынды алғашқы коммерциялық кинотеатрлар пайда болады.
Қазақстанда кино көрсетушілер мен дистрибьюторлардың қарама-қайшылығы байқалмайды: екі негізгі кино көрсетуші мейджорлар пакетін өзара бөліседі. Нарықта олардың арасында басты қайшылық туындайды, қатаң эксклюзивті бағдарламалау арқылы көрермен үшін күрес жүреді;
II кезең (2005-2010) – киножелінің кеңеюі. Қазіргі кинотеатрлар санының күрт өсуі репертуарлық бәсекенің әлсіреуіне әкеліп соғады. Фильмдерді көптеп ұсынатын прокатшылардың саны ұлғаяды, соның ішінде бұл сандық кинокөрсетілім технологияларының келуіне және Қазақстан аумағында ресейлік компаниялардың делдалсыз жұмыс істеуіне байланысты. Мейджор өкілдерінің айналасында жаңа тұлғалар пайда болады, бірақ голливудтық фильмдердің барлығы тігінен интеграцияланған құрылымдарға жатады
(прокат-көрсетілім);
III кезең (2010-2017) — сапалы секіріс. 2010 ж. кинематографияның бірнеше даму бағыттары бойынша секіріс орын алады. Көрермендерге тек сандық технологиялар ғана емес, ал кино-аттракциондар (IMAX) ұсынатын ең заманауи мультиплекстер пайда болады.
Өмірді қаз-қалпында жанды бейнекөрініспен көрермен қауымға жеткізу деректі фильмнің басты жүгі. Тарихқа айналған сол кешегі күнді болмасыз, нақты мағлұматтармен өрнектеп бүгінгі замандастармен сырластыру, өмірде орын алған оқиғаларға куә кейіпкерлермен жүзбе-жүз сұхбат сыры, дереекті фильмнің мазмұнынын шындық пен ақиқатқа жақындата түседі. Заман талабы сол-елімізде бірте-бірте кинобейнефильм жасау дәстүрі жақсы жолға қойылары сөзсіз. Қазіргі таңда отандық нарықта Қазақстандық киноны PR сүйемелдеу жұмыстары , бұл да өзекті мәселелердің бірі деп ойлаймын. Мемлекеттік тілдегі деректі фильмдердің тәлім-тәрбие салт-дәстүрімізді, тарихымызды жақсы бренд ретінде көрсетіп, ұлттық нақышта түсіріп, өзіндік стиль туындау қажет деп санаймын. Ғаламдастыру дәуірінде ешкім естімеген жаңалықты жария еттім дәу әбестік шығар. Мақсатым — телевизияға ынтасы мен құмарлығы бар қазақ мектептеріндегі, оқу орындарындағы іні-қарындастарыма аздап болса да жол сілтеу. Бір мүшелге жаңа толған тәуелсіз Қазақстанның демократиялық бағыттағы бетбұрысты баспалдақтарын әлемдік демократия қалыптарына сәйкестендіру-ғаламдану уақытына иек артты. Сонымен қатар, бос уақыттыңызда теледидардың алдында отырған кезде, түрлі бағдарламаларды қайталаумен қатар, көршілес мемлекеттердің кино-фильмдерін жарыса көрсетіп жатқанына куә боласыз. Естеріңізге сала кетсем, “Қазақстан” арнасында “Бір бала” қысқаметражды киносын көрермендерге ұсынып, сұраныс көбейіп, арнаның рейтингісі көтеріліп, тұтынушылардың тұрақты сүйіспеншілігі асыған дәлел. Жастардың арасында шамамен 15-16 жастағы қызбала мен бойжеткендердің “Кәріс” фильмдеріне деген қызығушылық жылдар сайын арттуда және ресейлік телеарналардың ұлттық кинофильмдері түсіруді алдыңғы позияға шығаруы- идеологиялық мәселе. Ресей мемлекетінде барлық арналарында прайм-таймда көрсетілген
2.5 мың сағаттан астам уақытты құрайтын телевизиялық киносериалдар дайындайды. Таяуда көрсетілетін бейнефильмдерді минуттап жарнамалайды. Ал өзімізге оралатын болсақ, 1938 жылы “ Амангелді” фильмін ең алғаш Қазақфильмде түсіріліп көрермендерге тарту еткен. Барлығымызға әйгілі “ Менің атым қожа” — 58 жылдан бері экранда Қожаны Сегізбаев Нұрлан Санжар айнаған. Бұл бейнефильм ұлттық кинематографияның классикасына айналған картина түсірілді. Үздік балалар фильмдерінің бірі. Сотқар баланың шытырманды оқиғалары туралы комедиялық фильм. Қазіргі таңда да, бұл актуальді фильм болып саналады. Ғасырдан ғасырға жеткізілетін, шаң баспайтын, қалың көрермендердің ортасынан шығатын фильмдердің бірі болып табылады.
«Менің атым Қожа» фильмінің екінші сценаристі Ниссон Залеранский, туынды өте сапалы жасалған. Себебі кинодраматург, режиссер, көркемдік жетекшісі – Ефим Арон. Ғажайып туындыны жасауға нағыз маман иелері жұмыс атқарып, сапалы кино жасалынды. Айта кетерлік, Абдулла Қарсақбаевтың алғашқы көркем фильмі. Бұл фильмде ауылдың тұрмыс тіршілігі, қарапайым халықтың жағдайы, қазақ ауылдарындағы мектеп, үлкен кісілерден үнемі ұрыс естіп жүретін кейіпкер кейде өзінен ересек досының арқасында қиынжайсыз оқиғаларға тап болған сәттер бейнеленген.
Фильм туралы пікір: қазіргі балалар «Менің атым Қожа» киносы шопандар тойын экзотика көрінеді. Жайлаудағы тойда бәйге, ұлттық ойындар және басқа да ойын-сауық ұйымдастырылады. Жас кейіпкердің мінез-құлқына нақты баға беру киносының кейбір тұсында жоғалып кетуін Қожа кейіпкерінің мінезі қандай болса фильмнің басында, сол мінезін аяғына дейін сол қалыптан өзгермеуі қажет етін» — деген бағаны жазушы Павел Косенко рецензия авторы, өз ойын осылай қорытындылаған еді. Бірақ, «Қазақ фильмнің» жаңа еңбегінде жақсы дүниенің көптігі соншалық, кейбір кемшілік тұстарын елемесек те болады»-деп жазады. Барлық шығармашылық топтың кәсіби шеберліктің шыңы деп бағаланады. Бірақ шыңға шығудан қорықпау керек. Осы фильмнің композиторы Нұрғиса Атабаевич Тілендиев. Біреуге табыну- өзіңді жоғалтумен бірдей. Егер отандық арналарымыз тек шетелдік сериалдарға мойындарын бұра беруін жалғастыра берсе, ұлттық өнеріміздің өрісі байланып, өсуіміз кенжелей түспек. Нақты теле өніммен айналысатын мұндай студияларға барлық ақпарат құралдарына беріліп отырған қазіргі салық жеңілдіктері де қарастыруы жөн. Төрткүл дүниенің көрермендерін табындырған BBC-дің деректі кинотуындылары қандай керемет болса, соған жетуге талпыну одан да керемет. Айтпағым, қай ел қай мемлекет болмасын, телеарналар мемлекеттік бюджет немесе билікке жақын кампания, қаржы топтарының қуатты қаржылық қолдауына тәуелді. Бізде де талғамы таза, рухани сұранысы ұлттық мүддені көтеретін телекөрермендер бар. Олардың ықылас ниетін орындау да бір парыз. Көрермен талғамын қанағаттандыратын өозық деректі киносериалдарды көптеп көрсетіп жатса, нұр үстіне нұр.
Қазір жер бетіндегі барлық телеарналар пайдаланылатын техниканың түр-түрі, қаржы табылса, соның иелігінде. Республикамызда да таңдай қақтырар небір мықты деген телевизиялық қондырғылар жетіліп артылады. Мәселе – білімді, озық ойлы, көзі қарақты мамандардың жетіспеушілігінде, ертеректе Мәскеудегі “Останкио” телемамандары Кеңес Одағындағы республикалардан осы саладағы қызметкерлерді жинап, іс-тәжірибелерімен таныстыратын. Арнайы курстар өткізіп, білімдерін жетілдіретін. Қазір өз сорпамызда өзіміз қайнап жақындағылардан жырақта жатқан жағдайдамыз. Содан шығар, бұрындары есімі елге танылған режиссерлер мен камерашылар әлі де аттан түскен жоқ. Жиырма жыл, отыз жыл өтсе де , солар мықты. Қазіргі киноконтентте өзін режиссер деп есептейтін Қайрат Нұртас, Бүркіт, Төреғали Төрәлі , Ерке Есмахан – деген есімдерін халқымыз танитын әнщі жұлдыздарымыз С класс имидж жасап, қарапайым аудиторияға арналған кинотуындылар жасалынды. Нақты сапалы мамандандырылған режиссерлер түсірсе екен деген арман бар. Бұл орайда қолданылатын пиар түрлері көптеген. Солардың бірі жаңа әдіс тәсілдері crazy pr. Айналасында ушу туғызып , адамдардың санасына қызығушылық танытып, көрермендерді тартады. Қазақстан тәуелсіз ел атанғалы тарих керуенімен ілесіп келген бай мұрамыз, асыл қасиеттеріміз, ортақ құндылықтарымызды қайта жаңғырды. Содан бері көптеген тәуелсіз және жекеменшік кинокомпаниялар ашылып, түрлі PR- жұмыстары жасалынуда. Тарих қойнауына енген 20 ғ. соңғы онжылдығы қуатты ақпараттық тасқынмен сипатталаады. Көпшілік тұтынатын хабар ошарды таратудың жаңа тұрпатты арналары- ғаламтор, спутниктік және кабельді теледидар, электронды газеттер, алуан сипатты радиостанциялар өмірге келді, осының барлығы жеткізетін жаңалық легі күн санап өсе түсуде. Қазақстанда киножаңалықтарында болып жатқан өзгерістерді хабарлайтын және бұл БАҚ беттерінде “Ақпараттық пиар”, ұжымның таңдауына байланысы өзіне жасаған имиджіне, және жеке компанияның “жасыл немесе қара пиар’ т.б. сияқты теңеулердің орын алуына байланысты жұртшылықпен байланыс саласының кәсіби мамандарды қазіргі кезде қоғамда орнығып қалған PR жөніндегі жағымсыз көзқарастарға тойтарыс беруге мәжбүр. Осыған орай жұртшылықпен байланыс ұғымының анықтамаларына тоқтала кету қажет. Жұртшылықпен байланыстың бүгінде имиджмейкинг, PR- брендинг, медиа-relations, кикілжіңдерді реттеу , лоббилік қызмет, кеңесшілік сияқты түрлері қалыптасты.
Еліміздегі кинотуындылар шетелге халқымыздың сыртқы бейнесі, тұрмыс тіршілігі қандай екенін осы кинотуындылар арқылы көруге болады. Көптеген кинотеатрларда жанама жарнамаларды жиі көрсетіп жатыр. Әр әлемнің қыл қалам шеберлері – әлеуметтік топта киноның ролі адамзат өмірінде үлкен роль атқарады. Тіпті білімде де, саясатта да, тұлғаның бейнесі, ойлау санасы, өмірге деген көзқарастарды бейнелейді. Осы шығармашылық ұжымда PR – продюсер тікелей жұмыс атқарады. Екіншіден өнімге деген сұранысты көбейтіп әрі көпшіліктің ортасына таныстыру үшін маркетолог , әлеуметтік желіде жұмыс атқарып, smmмамандарын арнайды. Көбінесе есімі елге танымал азаматтар туралы түсірілген деректі фильмдер телеарна қызметкерлері тарапынан тікелей немесе жанама жарнама ретінде қабылданады. Бізде шығармашылық топта; режиссерлер, сценаристер, операторлар, монтаждаушылар, қатары көбейсе , шығармашылық бәсекелестікке нақты қадам баспақпыз. Ал эфирлік көрсетілім болмаса, тапсырыс берушінің қаржысы-құмға құйған судай. Көпшілік өзіне қажетті дүниені бүгінде тұрмыстық камерамен-ақ түсіріп үйде көретін қарапайым фильмді өздері үйдегі компьютерлі монтаж программасын жүктеп алып, монтаждай алады. Осы орайда, кино елімізде бизнес саласына айналғанына көз жеткізуге болады. Жалпы деректі фильмнің Ұлттық мәдениетті сомдап, салмақтап, таразылауға тигізер әсері жеткілікті.
Ірі тәуелсіз компаниялармен ынтымақтасатын жергілікті дистрибьюторлардың тізімі қайта кеңейеді. Отандық фильмдердің орталықтандырылған прокаты басталады, бұл 2012 ж. қазақ фильмінің елдегі кинопрокат рейтингінде бірінші орындарға ие болатын триумфына әкеледі.
Ақырында, голливудтік мейджорлар жаңа ойыншыларға назар аударып, жаппай Қазақстандағы өз өкілдіктерін ауыстырады, олардың ішінде ең ірісі «Сулпак синема» украин-қазақ кәсіпорны болып табылады. Бұл ретте кинопрокаттың шоғырлану деңгейі қауіпті түрде өсе түседі.
2010 жылдан бастап «Қазахфильм» киностудиясы республика аумағындағы өз картиналарының прокатымен өздігінен айналысады және ұлттық киноның ең ірі дистрибьюторы болып табылады, бірақ жалғыз емес. Соңғы жылдары отандық фильмдердің коммерциялық әлеуетінің көрініс табуы ірі кинопрокатшылардың назарын аудартты.
Егер бұрын продюсерлер кинотеатрлармен өз картиналарын көрсету туралы өздігінен келісуге мәжбүр болса, енді олар кәсіби делдалдар – дистрибьюторлар арқылы әрекет етіп, кинопрокаттық индустрияға барынша жұмылдырылады.
Қазақстан кинопрокаты нарығының жетекші ойыншылары мейджорлар студиясының өкілдері болып табылады, олардың қолындағы «пакеттері» өзгеріп жатыр: айталық, 2016 ж. «Централ Партнершип» ресейлік компаниясы 2015 жылғы қыркүйектен бастап 2016 жылғы шілдеге дейін ынтымақтасқан «Меломаннан» кетті.
Осылайша, қазір «Меломан» компаниясында «Columbia/Sony» және «Walt Disney» пакеттері қалды; «Сулпак Синемада» – «Warner Brosers» және «Universal» пакеттері;
«Двадцатый век Фокс Қазақстан» республикадағы «Fox» студиясының ресми өкілі болып табылады, ал «Good Cinema» (осы брендтің заңды тұлғасы – «Проф солюшн груп») «Централ Партнершип» пакетін, соның ішінде «Paramount», «Focus Features» және «Lionsgate» студияларының фильмдерін прокаттайды.
Ұлттық картиналардың ірі прокатшысы «Қазахфильм» киностудиясы болып табылады, бірақ соңғы жылдары қазақстандық продюсерлер мейджор өкілдерін, ең алдымен, «Сулпак Синема» (2016 ж. ол 11 қазақстандық лентаны шығарды, ал «Қазахфильм» – бесеу ғана), сондай-ақ «Меломан» (2016 ж. екі релиз) компанияларын жұмылдыра алды.
Тәуелсіз шетелдік жобалар көбінесе ел нарығына тікелей ресейлік дистрибьюторлар немесе әдеттегідей Қазақстандағы жекелеген киножелілермен жұмыс істейтін шағын делдалдық компаниялар (мысалы, «Kinopark» немесе «Chaplin Cinemas») арқылы түседі. Қазақстанның ең ірі киножелісі — «Kinopark», оған елдегі залдардың 19%-ы тиесілі; оның кинотеатрларында елдегі жалғыз IMAX залдары әрекет етеді. Қазақстандық ритейлингтік, дистрибьюторлық және өндірістік компания аудио және бейнеөнім, кітаптар, тұрмыстық электроника өндіру мен сатуға мамандандырылған.
«Меломан» компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында әлемнің және Ресейдің бірқатар ірі дистрибьюторларының өнімдерін дистрибьюциялауға құқығы бар: Walt
Disney Pictures, Warner Brosers Home Video, Sony Pictures, «Крупный план» («Мосфильм»), Universal Pictures, Paramount Pictures, DreamWorks Pictures, «Союз-видео», Paradise Digital, Sony Music Russia, Universal Music Russia, 20th Century Fox және т.б. 2004 ж. Астанада екі залдық «Арсенал» кинотеатры ашылды.
2008 ж. мультемедиа өнімдерін жеткізуге келісімшартқа қол қойылды. Қайта құру салдарынан «Арсенал» 4 залдық кинотеатрымен СОО-ға айналады, олардың екеуі — сандық (соның ішінде Астанадағы 1-ші 3D-зал). 2011 ж. «Меломан» компаниясы Walt Disney және Sony Pictures студияларының голливудтық фильмдерін ресми түрде дубляждайды. 2015 ж. Questeria квест-бөлмесі ашылды. 2007 ж. «Меломан» кинопрокатпен айналыса бастады. Осы кезден бастап компания WDSSPR, сондай-ақ тәуелсіз студиялардың және жергілікті киноөндірушілер фильмдерінің кинотеатрлық дистрибьюторы болып табылады. Қорытындылай келе, «Кино-әлемі» -халықтың дәрежесі, деңгейін көруге болады. Бұл еңбекте қазақстандық кино өнімді жарнама және PR құралдарымен ілгерілету қарастырылған. Ақпараттық себептерге бастамашылық етуді жүйелендіру және киножобаның контекстік айналасын қалыптастыру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Федулин А.С., Резников Ю. Искусство, рожденное дружбой. Страницы истории казахского кино. — М., 1972. — 81 с.
2. Каирбаев А.К. Встречи на экране: рассказы о казахском кино. — Алма-Ата,, 1979. — 69 с.
3. Кино Казахстана: Кино-справочник. — Алматы, 2000. — 392 с.
4. Мамираимов Т. Поддержка культуры — важнейший приоритет государства // ЛГК. —
2007. — №18. — 13 октября
5. Ногербек Б. «Кино Казахстана». -Алматы: НПЦ, 1998.
6. Мухамеджанов К. Задачи кинематографии Казахстана // Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. 3-т. Ой-толғаныстар, сұхбаттар, жолжазбалар. — Алматы:
Атамұра, 1998. — С. 346-360.
7. Ульянова Т. Особенности маркетинга кинорынка. – М., 2003.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *