МЕРЧЕНДАЙЗИНГТІҢ ҚОҒАМДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ТУДЫРУҒА
ЫҚПАЛЫ

МЕРЧЕНДАЙЗИНГТІҢ ҚОҒАМДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ТУДЫРУҒА
ЫҚПАЛЫ.

Касенова Дария
Журналистика және Саясаттану факультетінің 2 курс студенті Л.Н Гумилёв атындағы Еуразия лттық университеті Ғылыми жетекші -Калдыбекова А.Д.


Аннотация: Бұл мақала мерчендайзинг тақырыбына арналған, атап айтқанда мерчендайзингтің шығу тариxы мен дамуы жайлы айтылады. Мақаланы жазу барысында мысалдар негізінде қоғамға мерчендайзингтің бәсекелестік тудырғанды туралы дәлелдер келтірілген. Сонымен қатар, сауалнама мен SWOT анализ арқылы қоғамдық пікір қарастырылған. Мақаланың мақсаты мерчендайзинг туралы ақпараттандыру ғана емес, сонымен бірге шағын және орта бизнеспен өнеркәсіп, өндіріс салаларында бәсекелестік тудырып, экономиканы дамыту.
Қорытындылай келе, осы мақалада жазылған дәлелдерге сүйенсек, мерчендайзингтің қоғамдағы бәсекелестікті тудырып қана қоймай, жоғарғы стандартқа сай өнім өндіріп, экспортпен экономика дамуына өз үлесін қосады.
Кілт сөзлер: мерчендайзинг, нарықтық экономика, қоғам, бәсекелестік, экспорт, маркетинг, сауалнама, респондент.

Қазіргі нарықтық экономика дамыған заманда, бәсекеге қабілеттілік басты қасиеттердің бірі болып табылады. Бәсекеге қабілетті кәсіпорын немесе фабрика өз өнімін әр түрлі маркетингтік технологиялар мен құралдарды пайдалана отырып, іске асырады. Ең ұтымды технологиялардың бірі бұл-Мерчендайзинг.
Мерчендайзинг дегеніміз- өнімге сұраныс тудырып, сатып алушының санасына ықпалын жасап, тауарды бренді жіне сыртқы қаптамасымен барынша ерекше етіп сату, маркетингтің коммуникацияның бір түрі.
Сауда жүргізудің тарихына зер салсақ, саудагер әрқашанда өз тауарын ерекшелеп сатқысы келетін. ХІХ ғасырда Еуропа елдерінде алғаш универсалды дүкендердің пайда болуы, мерчендайзингтің дамуына жол салды.
Маркетингтің бұл саласы Қазақстанда соңғы жиырма жыл ішінде дамып келе жатыр. Әсіресе, үш жылдың ішінде қарқынды даму үстінде. Бұған дәлел ретінде Қазақстандық және шет елдік дүкендер мен маркеттерге салыстыру жасалды. Қоғамға Мерчендайзингтің ықпалын зерртеу үшін, SWOT анализ және сауалнама жүргізілді.
Мерчендайзинг- ағылшын тілінен аударғанда «сата білу өнері» деген мағынаны береді. Басты мақсаты-соңында нәтижеге жетіп, сатып алушыны санасына ықпал ете отырып, өзі қалаған тауарды сатып алуға әрекет жасау. Американдық сату нүктелерінде жарнаманы зерттеу институты Point-of-Purchase Advertising Institute зерттеуі бойынша, сатып алу жөніндегі шешімдердің 2/3 дүкендерде қабылданады. Сондықтан дүкен, желі маркеттері сату орнында барынша маркетингтің құралдарға жүгініп, сауда маркасының сатылуы үшін мерчендайзингті ұтымды пайдалануға тырысады.
Еуропа елдеріндегі алғашқы универсалды дүкендер және маркеттердің пайда болуы қоғамда тауарға деген жаңа қөзқарасты тудырды. Жаңа маркетингтің әдіс-тәсілдер ойластырылып, тауардың сыртқы қаптамасына, сөрелерде орналасуына басты назар аударылды. Жаңа сату түрі, мерчендайзингті өті тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, сатып алушылардың жаңа буынына психологиялық әсер ету кезеңі басталды. Бұл жайлы БАҚ құралдарында жиі айтылып, Economist газетінің 11 мамыр 1940 жылы шыққан басылымында «Сауда желілернің табыстылығының сыры- өнімді бақылаумен, тиімді мерчендайзингті үйлестіру» деген пікір қалдырған болатын. Қазақстандағы мерчендайзингтің дамуына, шетелдік атақты маркалар – Pepsi, Coca Cola, Nestle, Mars өнімдерінің сауда желілеріне келуі әкеліп соқтырды. Жаңа өнімдердің пайда болуы, сатып алушылардың назарын аударып қана қоймай, сатып алу процентінің өсуіне әкеліп соққан болатын. Статистикаға сүйенсек мерчендайзинг қолданылған дүкен немесе маркет желілеріндегі, сатып алушылар әдеттегі жұмсайтын қаржыдан 13% көп қаржыны мерчендайзинг керемет қолданылған дүкендерде қалдырады.
Дизайн-мерчендайзинг инструменттерінің бірі. Табысқа жету факторы, имидж қалыптастырушы бір бөлігі. Сатып алушыларға сыртқы әсер ететін фактор, дизайн имиджге сай болса бірден назар аудартады. Әсер ететін тауар тұтынушылар өз ішінен 2 топқа бөлінеді:
1.Әлеуетті тұтынушы
2.Тұрақты тұтынушы


Салыстырмалы түрде алып қарағанда тауарды сатып алушы тұтынушыға бірден өзге тауарлар арасынан ерекшеленіп тұратын зат бірден көзге түседі. Сол себепті тауарды тез арада ұнамды бағаға сату үшін, көбінесе маркетингтік мерчендайзингтің жеке стенд инструментін пайдаланады.
Шетелдерде мерчендайзингтің пайда болып, дамуы Қазақстаннан әлде қайда ерте болғандықтан, тіпті азық-түлік сататын дүкендердің өзінде дизайн мен сыртқы имиджге басты назарды аудартады. Ал біздің елімізде қарапайым азық-түлік дүкендерінде сыртқы тақтайшаға, дизайнға назар аударылмайды. Басты назарды тауардың сапасына және бағасына аудартады. Тек маркеттер желісі Green, Magnum, Small сынды маркеттерде дизайн мен имидж, тауар сапасы, бағасы сынды, негізгі критерийлерге сүйене жұмыс жасайды.
Мерчендайзингтің дамуы әрі пайдалану инструменттері осы маркеттердің маркетингтің әдістерінде жиі байқалады.
Алайда қазір жаңадан ашылып жатқан шағынмаркет, дүкендерде заман талабынан қалмауға тырысуда. Бірнеше кәсіпкерлер логотип, дизайны ерекше, болашақта супермаркеттер желісіне айналатын шағынмаркеттер ашып жатыр. Ал кейбіреулері франшизаны сатып алып, нарықта өнім сатушы ғана емес, сонымен бірге өнім өндірушілер арасында да бәсекелестік тудыруда.
Қазақстандық супермаркеттер және гипермаркеттер желісіне SWOT анализ жүргізгендегі нәтижеден қауіп айтарлықтай көп болсада, жағымды жақтары мен мүмкіншіліктерін ескеру қажет.

S-Strengths W-Weaknesses
— жақсы дизайн
— таңдаудың көптігі
— жеңілдіктер
— қызмет көрсету сапасы — өнімдердің өзге жерлерде тиімді бағаға сатылуы
— супермаркеттердің желілері аздығы — гипермаркеттердің қала сыртына жақын орналасуы
— кассалардағы ұзын кезек
O-Opportunities T-Threats
— аумақты кеңейту
— шетелдік өнімдерді сату
— жаңа науқандар уйымдастыру
— бірнеше жерде желі ашу — бәсекелестердің көбеюі
— инфляция
— дизайнның талаптары өзгеруі
— клиенттердің аздығы
— қызметкердің біліксіздігі
— сақтау мерзімі өтіп кеткен тауар сатылуы

Жалпы мерчендайзинг сата білу өнері болғаннан кейін, бұны тиімді пайдалана білген мекеме немесе өндіріс орны, айтарлықтай пайдаға келеді. Тіпті тұрақты сатып салушылар мен тұтынушылар қатарын, аздаған уақыт ішінде көбейтуге мүмкіндік жасайды. Қортындылайтын болсам, сауалнама 55 адамдар арасында жүргізілді. Нәтижесінде респонденттердің 50.9% 16-25 аралығында жастар, 25.5% 25-40 жас аралығын құраса, 23.6% 40-55 жас аралығындағы адамдар болды.
— 67.3% мерчендайзингтен xабарлары бар
-55.6% мерчендайзингтің бәсекелестік туғызатынына сенімді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің барлық жолдауларында шағын және орта бизнесті дамыту қажет, ол үшін бәсекелестік болу керектігін талап етеді. Бұған мерчендайзинг таптырмас құрал, әрі тиімді теxнология. Сондықтан бұдан xабары бар жастар, болашақта мерчендайзинг инструментін тиімді пайдаланып, Қазақстанның нарықтық экономикасын дамытуға өз үлестерін қосатынына сенімдімін.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Гугл форма https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfOVg0ptS8ElrWkiElx0HcSu7gkM9tvmzWZ YI0vcL1wfFRpA/viewform?usp=sf_link
https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D1%80%D1%87%D0%B0%D0%BD
%D0%B4%D0%B0%D0%B9%D0%B7%D0%B8%D0%BD%D0%B3
2. Фоосурет https://goo.gl/images/tkrDg9
3. Фотосурет https://goo.gl/images/1419xo
4. Grandas сайты
http://www.grandars.ru/college/psihologiya/merchendayzing.html

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *