ҚР көліктік-экспедициялық қызмет. Қазақстан Республикасыдағы көліктік-экспедициялық компаниялар. Халықаралық тасымалдау технологиясы

 

ҚР көліктік-экспедициялық қызмет. Қазақстан Республикасыдағы көліктік-экспедициялық компаниялар. Халықаралық тасымалдау технологиясы.

Вагон ағындарын дұрыс ұйымдастыру – оларды пайдалану жұмысын ұйымдастырудың негізгі міндеттерінің бірі, ол вагондардың теміржол бағытымен жүруінің барынша тиімді тәртібін және пойыздарды құрастырудың ең пайдалы жүйесін орнықтыруды көздейді. Бұл міндетті шешу жүктерді тиеу орындарынан маршруттап тасымалдауға және сұрыптау, телімдік және жүк станцияларында жүк пойыздарын құрастыруға негізделеді.
Пойыздарды құрастыру деп темiржолдың барлық желiсiндегi және жалпы барлық вагонағындарды пойыздарға бiрiктiру жүйесiн айтамыз. Бұл жүйе стансаның пойыздарды тарқату, құрастыру және тоқтаусыз өткiзу жұмысының технологиясы мен жұмыс көлемiн анықтайды.
Құрастыру жоспары — вагон айналымы жеделдету мен жүктердi тез уақытта жеткiзу, локомотив пен локомотив бригадасының өнiмдiлiгiн арттыру, маневрлық жұмыстарды қысқарту мен тасымалдау өзiндiк құнын төмендету, стансалар арасында сұрыптау жұмыстарын бiртектi жiктеу және жинақтау уақыты мен қайта өңдеуге кететiн уақыт мөлшерiн барынша қысқартуды көздейдi.
Құрастыру жоспары жылына бiр рет құрастырылып, жаңа пойыздар жүріс графигiмен бірге өндіріске қолдануға енгiзiледi. Бiр жол басқармасының iшiндегi құрастыру жоспары қозғалыс қызметінде жасалады. Жол ішілік құрастыру жоспарын есептеу екі этаптан тұрады:
1. тікелей біртопты пойыздарды ұйымдастырудың тиімді вариантын анықтау,
2. басқа категориялы пойыздарды ұйымдастыру, сұрыптау станцияларының арасындағы 2-4 телімге қызмет көрсететін әртүрлі катериялы жергілікті пойыздардың жұмыстарының тиімді вариантын анықтау (құрама, әкететін, тапсыратын (сборные, вывозные, передаточные)).
ПҚЖ әрбiр вариантының бағалау критериiне келтiрiлген вагон-сағат – пайдалану шығындары жатады.
Пайдалану шығыны вагон-сағат жинақтау және өңдеу құны, айналым телiмiнде орналасқан телiмдiк станцияларда локомотивтердi тiркеуге кеткен қосымша локомотив- және бригада-сағаттан тұрады. Вагонағынын жеке дара жөнелту тиiмдiлiгi келесi формуламен анықталады:
,
мұнда: cm – станцияда вагонағынды жеке дара жөнелту үшiн жинақтауда аялдау уақыты, вагон-сағатпен өлшенедi;
c – пойыздарды құрастыру станциясындағы жинақтау параметрi (вагон-сағат);
m – пойыздағы вагондар саны (вагон);
Nв – бiр бағыттағы тәулiктiк вагонағын көлемi;
— жол бойындағы техникалық станцияларды вагонағынның өңдеусiз өткеннен түскен вагон-сағат экономияларының қосындысы (вагон-сағат).
Көлік – экспедициялық қызмет көрсету түрлері.Үйлестірілген талдап салыстыру әдісі (метод совмещенных аналитических сопоставлений) (авторы проф. А.К. Бернгард). Басты бағалау критериi варианттарда уақытты үнемдеу (вагон-сағат) болып табылады. Тәсілдің мақсаты – ең тиiмдi вариантқа бiртiнде жақындау болды.
Алғашында бастапқы станциялардан ақырғы станцияларға баратын, кез келген жолай станциялардағы үнемделген вагон-сағаты, құрастыру станцияларындағы жинақтауға жұмсалған шығындардан асып түсетін, жалпы жеткілікті шартты қанағаттандыратын (ЖШ) вагон ағындары анықталады. Осылайша іріктелген жөнелтімдер құрастыру жоспарының тиімді нұсқасына енгізіліп, бұдан былайғы есептеулерден шығарылады. Қалған вагон ағындары үшін мүмкін болатын барлық өтпелі ағындардың графигі жасалады.
Олардың ішінен жолай техникалық станциялардан өңдеусіз өтуден келетін үнем барынша көп болатын ең бастапқы деп аталатын ағын анықталады. Егер ол жеке ғана болса, онда құрастыру жоспарының тиімді нұсқасына енгізілуі мүмкін. Егер жеткілікті шартты қанағаттандыратын одан әрі баратын өтпелі ағындар болса, олардың көп үнем беретін біреуі таңдалады. Бұдан кейін бастапқы ағынды едәуір алыс ағынмен алмастырудың орындылығын тексеру үшін бастапқы ағыны бар нұсқа мен таңдалған едәуір алыс ағыны бар нұсқаны салыстырады. Жолай техникалық станцияларда вагон-сағат үнемі көп болатын нұсқа қабылданады.
Мысалы, полигон үшін құрастыру жоспарының тиімді нұсқасын үйлестірілген талдап салыстыру әдісімен есептеп шығару керек.
Шешуі. Жалпы жеткілікті шарт бойынша n1=210 вагон ағынын тексереміз, ( сағ, ), бұл оны қанағаттандырады. Қалған ағындарды біріктіріп барары бір көптопты өтпелі ағындар құрылған.
Мысалы, А-В барысына 330 вагон енгізілген, оның ішінде А-Д-ға — 110, А-Г-ге — 80 және А-В-ға — 150 вагон енгізілген; В-Е-ге — 190 вагон, оның ішінде Б-Е-ге — 120 және В-Е-ге — 70 вагон енгізілген және т.с.с.
Әрбір ағын (жеке немесе біріккен) үшін жолай техникалық станциялардың атауы астына олардың әрқайсысынан өңдеусіз өтуінен келетін вагон-сағат үнемі көрсетілген. Мысалы, 330 вагоны бар А-В ағыны үшін Б жолай станциясынан келетін үнем 330х4=1320 вагон-сағат болады.
Әрбір ағынның оң жағында барлық жолай техникалық станциялардан өңдеусіз өтуінен келетін вагон-сағаттан жинақтауға жұмсаған вагон-сағат шығынын шығарып тастағаннан кейін келетін үнемінің жиынтық вагон-сағаты көрсетілген. Мәселен, А-Д бағыты үшін жолай станциялардағы үнем 400+500+600 =1500 вагон-сағатқа тең. Осы ағынның құрамдарын жинақтауға жұмсалатын шығын А станция¬сында cm = 600 вагон-сағат құрайды. Сонда 1500 — 600 = 900 вагон-сағат жолай станциялардан түскен үнем болып шығады.
1500 — 600 = 900 вагон-сағат жолай станциялардан түскен

Халықаралық жүк тасымалдау дегеніміз — мүліктерді және жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушыларды өткізу.
Халықаралық тасымалдауды ішкі тасымалдаудан айырудың негізгі белгілері:
— жүк, жолаушы кеден шекарасынан етуі керек;
— жүкті немесе жолаушыны шекарадан өткізбей-ак халыкаралык тасымалдау шарты арқылы халықаралық тасымалдау деп есептеуге болады;
— халықаралық тасымалдауда ұлттық валютадан баска шетелдік валюта қолданылады;
— халықаралық тасымалдаудың қайнар көздері ретінде халықаралық конвенциялар, ұлттық заңдар, халықаралық әдет-ғұрып танылады.
Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың екі жақ тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі. Осылайша, жүкті тасымалдау шарты ереже бойынша, консенсуалдық шарт болып табылады, яғни шарттың мазмұны мен екі тарап таныскан сәттен бастап құқықтық нәтижені тудырады, бірақ басқа да жағдайлар бар, олар әр түрлі ұлттық зандарда бекітілген.
Тасымалдау шартының жасасудың экономикалық мақсаты – жүктер мен адамдарды бір жерден екінші жерге апару қажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының жүк жөнелтушіні жүкті алушыны жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауы шартпен реттеледі. Яғни, олардың өзара жасасқан шарты мен сонымен қатар, осы шартты реттейтін заңдармен анықталады. Халықаралық тасымалдау дегеніміз – мүліктерді немесе жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу. Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың екі тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *