Жүктерді тасымалдау үшін жылжымалы құрамды таңдау.Жүк тарифтері.

 

Жүктерді тасымалдау үшін жылжымалы құрамды таңдау.
Жүк тарифтері.

Тасымалдау дегеніміз- жолаушылармен жүкті теміржол көлігімен тасымалдауға даярлау, оны жүзеге асыру және аяқтау барысында атқарылатын ұйымдастыру және технологиялық операциялардың жиынтығы. Теміржол көлігімен тасымалдауға көптеген инфрақұрылымдар қатысады.
Тасымалдау көлемі және жүк айналым – төмендегідей сипаттамаланады:
-жүктің құрамымен немесе номенклатурасымен: дән, қызылша, құрылыс материалдары, машина және жабдықтар, мұнай өнімдері т.с.с. )
— санымен: массалық — бір қалыптағы, мөлшерлі және бағыттағы бір түрдегі көп жүктер саны; — партиалық – бір түрдегі көп мөлшердегі емес жүктер саны, жүк айналымының тұрақсыздығы, жүкті жөнелту және жүктерді қабылдау пунктердің өзгеруі;
— ұсақты немесе жинақталған әртүрлі номенклатурадағы көп емес жүктер саны және әртурлі жөнелтуші немесе жүк қабылдаушы.
-игеру уақыты бойынша – тұрақты, уақытша және маусымдық..
Тасымалдау көлемін және жүк айналымын өндіріске қызмет сипаттамасы бойынша, олардың қуаттылығына және халықтың тасымалдау сұраныстарын қанағаттандыру бойынша белгілейді.
Жүк вагоны айналымы санына байланысты жүк алқымы мен жүктердің белгілі бір түрлеріне тасымалдау қабілеттеріне байланысты ажыратылады. Негізінде жүкті парк төрт өсті вагондардан тұрады. Тасымалданатын жүк вагондарының түрлеріне орай ол жабық, изотермиялық және арнаулы тағайындалуына байланысты ажыратылады.
Жабық вагондар қымбат бағалы жүктерді тасымалдауда қолданылады, себебі оларды атмосфералық әсерлерден қорғау қажеттілігі туындайды. Ол вагондарда астық, қораптағы және даналы жүктер және т.б. тасымалданады. Жабық металдардан тұратын вагондардағы қапталды кузов қабырғасы люкпен жапсырылған. Ал металды шатыры төрт автоматты жабылатын тығыны бар тиелеуші люктен жасалған. Металды кузов есігі төменгі жақтағы люкпен жапсырылған, есіктің ашылғандағы қысымының азаюына септігін тигізеді. Есіктің тығыздалуы резиналы салынуы арнаулы қапталды тік кузов пен арнаулы есік жолындағы фазамен алмастыру арқылы жүзеге асады. Тығыздалған есігі бар вагондарда астық тасымалдау үшін есік айналысына астық сауытын орнатады.
Жартылай вагондар жүк тасымалдағыш вагонды парктің ауқымды көп қолданылатын бөлігін құрайды. Жартылай вагоннның шатыры болмайды. Люктер арнаулы қақпақтармен жабылады. Жартылай вагондар сусымалы және қапталған жүктерді тасымалдауға арналған, олар атмосфералық әсерлерден қорғауды қажет етпейтін, қазбалар, орман, көмір, металл және автомашина, ауылшаруашылық техникасына қажетті заттар. Бұл вагон типі механикалық тиеу мен артуды жүзеге асыруда кең қолданылады. Осындай массалық жүктерді қазба, тасты көмір, орман және т.б. заттарды тасымалдау маршруттар арқылы іске асады. Ауыр массалы жүктерді маршруттармен тасымалдауға әртүрлі бағытта үлкен жүкті сегіз өсті жартылай вагон (үлкен жүктеме 1м жолға) қажет.
Платформалар ұзын жүктерді (рельс, орман материалдары) контейнерлерді және де автомобильдер мен әртүрлі ауылшаруашылық машиналарын тасымалдауға арналған вагондарды айтуға болады.
Цистерналар массалы сұйық заттарды, мұнай өнімдерін тасымалдайды. Тасымалданатын мұнай өнімінің түріне қарай цистерналар түрлі приборлармен жоғарғы және төменгі жақ құйылыстарында жабдықталған. Цистернадағы кузов пішіні цилиндр формалы жоғарғы жақта тығыны бар қазанға ұқсайды. Бензин тасымалдайтын цистерна қазанында сақтандырғыш тығыздар орналасады. Бензин мен жарық, ашық мұнай өнімдерін тасымалдауда жүк еңістілігі 62т, цистерналар әмбебап құйғыш приборлармен жабдықталған цистерналар қолданылады.
Жүк вагондар паркінде арнаулы тағайындалған вагондар, яғни әртүрлі белгілі бір массалық жүк түріне қарай арналған вагондар үлкен сұранысқа ие. Оларға хоппер- дозатор, думпкар – вагондары жатады. Төртөсті хоппер – дозатор ұсақ тас секілді заттарды тасымалдауға қолданылады және жол жұмыстар өндірісінде қолайлы болып келеді. Қапталған жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын тасымалдауда думпкар – вагондары қолданылады. Олар пневманикалық жабдықталған, жүкті түсірген кездегі кузов еңістігіне қолайлы етіп жасалған.
Изотермиялық вагондар тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауда қолданылады. Осы мақсатта вагондар мұздатқыш машиналармен яғни рефрижератормен жабдықталған. Поездарға электр күші бар, мұздатқышпен жабдықталған вагондар кіреді, үлкен сұранысқа ие болған автономды рефрижераторлы вагондар индивидуалды салқындатқыш және электрлік жылытқыш машинасы бар вагондар көп кеңейтілген. Изотермиялық вагондардың мұз салғыш салқындатқыш түрлері бар, олар – мұзды – вагондар деп аталады, және арнайы тірі балық, вино және басқа өнімдері тасымалдауға арналған түрлері кездеседі.
Тарифтер. 2006 жылдың бірінші жарты жылдығында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау бойынша қызметтердің тарифтері 10,8 % -ға өсті
Жүк тарифтерінің негізгі өсуі темір жол көлігі қызметтеріне тіркелді. Ағымдағы жылдың басынан бергі кезең ішінде темір жолмен жүк тасымалдау 19,3% -ға, республикадан тыс жерлерге – 17,7% -ға, республикада — 22% -ға қымбаттады. Автожол көлігі қызметтері тарифтерінің өсімі 3,5% , ішкі республикалық қатыснастарда және ТМД елдері бойынша – 5,4-5,5% , қала бойынша — 4,4% , алыс шетелдерге – 0,8% құрады. Өзен көлігімен жүк жеткізу тарифтері 1,6% -ға өсті, авиациялық жүк жеткізу тарифтері — өзгермеді, ал құбырмен айдау тарифтері- 1% -ға, мұнай айдау тарифтері – 1,6% -ға төмендеді.
Ағымдағы жылдың маусымында 2005 жылдың желтоқсанына қатысты байланыс қызметтері 0,8% -ға, ұлттық почта қызметтері – 83,9% -ға қымбаттады, электр байланысы қызметтері – 0,6% -ға арзандады. Тарифтердің өсуі ТМД елдеріне және алыс шетелдерге хат жеткізуде – 1,9-2 есе, республика ішінде посылкалар жеткізуде – 2,9 есе байқалды, ал халықаралық телефон байланысы қызметтері 0,2% -ға, «Интернет» желісіне қосу – 1,9% -ға арзандады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *