Жолдама және көліктік құжаттар. Тасымалдауды маршруттау.Маршруттың түрлері.

 

Жолдама және көліктік құжаттар. Тасымалдауды маршруттау.
Маршруттың түрлері.
Бақылау пунктында техникалық кеңсе жұмысшылары станцияға келген поездің барлық поезд құрамындағы вагондардың орналасуын арнайы станцияға келген поезді арнайы сәйкес байланыс құрылғыларымен жабдықталған және поезд құрамындағы вагондардың орналасуы жайлы барлық қажетті мәліметтер берілетін техникалық кеңсе жұмысшылары бақылау пунктінде тексеру жүргізеді. Станцияға келген жүктелген вагондардың тасымалдау құжаты вагон мен жүктің құжатқа сәйкестігін толықтай тексеретін техникалық кеңсеге түседі. Тексеруді болғаннан кейін оператор керек жағдайда телеграммаға өзгерістер енгізіп, ол жайлы маневрлік диспетчерге хабарлайды.
Тасымал құжатын тексеріп болғаннан кейін техникалық кеңсе операторы түсіруге келген вагондардың вагон парағында және жол ведомостьтарында күнтізбелік нұсқама қояды. Келген жүктің күні және уақыты жазылады. Сонымен қатар вагон парағында сол поездің номері көрсетіледі. Бұдан соң құжаттарды тапсыру кітабына жазады (Форма ГУ–48). әр жөнелту сайын вагон номері мен накладной номерін көрсетеді. Жол ведомостьтарын және накладнойларды тауарлық кантораға, ал вагон парақтарын–жүк алаңына немесе жалпылық қолданудағы емес түсіру пунктыларына жібереді.
Құжаттарды өткізу кезінде техникалық кеңсе жұмысшысы кітапқа қол қояды, ал тауар кеңсесінің жұмысшысы – қабылдау құжаттарына қол қояды. Тауарлық кеңсеге келген жүкке түскен барлық жол ведомостьтары мен накладнойларды жүктің келуі туралы кітапта тіркеледі (Форма ГУ – 42). Жергілікті хабарламаға, тікелей хабарламаға, халықаралық хабарламаға, әскери жүктерді тасымалдау құжаттарын жеке кітапқа жазады. Шағын жүк келу станциясында жол бөлімшесінің бастығы жүктің тізімін өзі қоятын құжаттарды келу кітабына кіргізбеуге де болады. Әр тәулік басында келу кітабының алғашқы бос жолында күні және айы жазылады. «Ескерту» жолағында жергілікті жағдайға байланысты жукті алушының немесе тусіру орнын көрсетуге болады, сонымен қатар басқа да мәліметтер. Осы жолдың толтырылу тәртібін станция басшысы қояды. Жіберуді жазғаннан кейін келу кітабының беткі жағының жоғарғы бөлімінде жол ведомостьіне «келу кітабының №» жолағын толтырады. Бұдан кейін тасымалдау құжаттарын тауар кассиріне жібереді, ол тасымалдаудағы жукті беру және соңғы әрі нақты есептеулерді жук алушылармен толтырады. Келу кітабының сәйкес жолақтарында берілетін жуктін мөлшері бойынша күнделікті реттік номермен беру есептеулері жазылады, сонымен қатар берілген күні де жазылады. Келу кітабында бұндай жазылулардың болмауы тасымалдау құжаттарының пайымдалмағанын көрсетеді. Келген жүктің құжатын тіркеген соң ақпараттық бюроға жіберіледі. Егер станция жүкалушыға жүктің келуі туралы хабарламаса, онда ол вагон мен контейнер турағына және сақталуына төлем ақы бермейді және бұл туралы оны хабардар еткенше жауапкершілікке алмайды.
Жүкті тасымалдауда әртүрлі технологиялық бұзу және коммерциялық операция ережелерін бұзу болса және күзетте кемшілік болса, онда сақталмаудың тасуы туындайды. Сақталмай тасуға мыналар жатады: жоғалтып алу, кемшілік, жүктің бұзылуы немесе ұрлануы. Олардың бәрі алушыға дейін болса ғана, ол сақталмай тасу деп аталады. Сақталмай тасудың ең басты белгісі — берілгенге қарсы жетіспеушілік, құжатта көрсетілгендей сыну, жүкке зақым келу және де жүктің қасиетінің төмендеуін білдіретін белгілер жатады. Сақталмай тасудың анализ көрсеткіштері бойынша тасымал кезінде жүктің шығынына, жетпеуіне, бұзылуына негізгі себептер мыналар болып табылады:
— Жүктің тасымалға жарамсыз, стандартқа сай емес сапа жағдайы және бұзылу белгілері мен (мысалы, тез бұзылатын жүктер), стандартқа қарсы жоғары ылғалдылық және т.с.с.
— Жүк жөнделмейтін, сапасы нашар немесе стандартқа сәйкес келмейтін тара да және орамда өткізу, маркаланбаған немесе дұрыс маркаланбағандықтан.
— Массамен орын санын дұрыс анқтамау
— Вагонды пломбылау ережесін сақтамау
— Жүкті өз түріне сәйкес емес вагонға тиеу (мысалы, ашық жылжымалы құрамның орнына жабық, жабық вагонның орнына изометриялық) істен шыққан немесе былғанған вагондардан.
— Жолда тез бұзылғыш өнімдерге дұрыс қызмет көрсетілмеуі
— Қауіпті жүк тасымалы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау
— Шығын бұзылу және жүктің жол апаты, қирауы және өрт кезінде істен шығуы жүктің құжатынан айырылу және оны белгіленген жерге жібермеу
Тасымал кезінде келеңсіздік туғызатын бұл жетіспеушіліктің жоғалуын тек жар,ымен тәртіпті қатаң сақтау негізінде жүзеге асады. Бұл барлық коммерциялық операциялардың орындалу жиынтығы (қабылдау тәртібі немесе жүкті өлшеу, маркалау, вагонды дайындау, тиеу, вагонды пломбалау, құжаттарды тіркеу, жүкті жолда күзету және қызмет көрсету және т.с.с.).
Акт және оның құрылуының тәртібі.Жоғары жағдайына сәйкес жүк темір жол материалды жауапкершілікке тартады, жіберуші, қабылдаушы және жолаушылар темір жол тасымалы кезінде коммерциялық актісімен құжаттандырылады. Коммерциялық акт шығынды және бұзылудың жауапкершілігін анықтайтын негізгі заң құжаты. Ол мыналарды растау үшін құрылады:
— аталуының сәйкес келмеуі, жүктің және багаждың массасы мен мөлшері
— жүктің немесе багаждың бұзылуы мен зақымдалуы
— жүктің және багаждың құжатсыз немесе құжаттың жүксіз немесе багажсыз болуы
— темір жол тауар кеңсеасында жүк беру құжатын толтырғаннан соң 24 сағатқа толғанша жібермеуі. Бұл жағдайда коммерциялық акт тек жүк алушының талабымен толтырылады.
Коммерциялық аккты толтырады; жүкті түсіру күні жалпылама түсіретін жерлерде жүкті түсіреді, ал сәйкес жағдайда жүк алушы жүк алған күні толтырылады; жалпылық емес орындарда жүкті түсіруде – сол жүкті түсіру күні толтырылады. Коммерциялық акт берілген уақытында толтырылу мүмкіндігі болмай қалған жағдайда, ол келесі тәуліктен кеш толтырылмауы керек.
Сақталмау жағдайында тәртіп бойынша әр жіберілуде жеке акт толтырылады. Коммерциялық актының үш данасымен қойылған формада құрайды. бланкалар жазба машиналарында немесе қара сиямен, нақты, қатесіз, тазалаусыз және түзетусіз толтырылады.
Контейнерлік тасымалдау қызметі және коммерциялық жұмыс ГНУ – 4 формасы кітапшада коммерциялық актарды тіркейді, актта түсу күнінің күнін белгілейді. Бұл номер осы акт жұмысының номері болады және барлық хат жазысу осы номермен жүргізіледі.
Маршрут өзіне:
 тасымал көлемін;
 бағытты;
 қашықтықты;
 уақыт бойынша жету;
 түрлі категориядағы жол жүктілігі;
 қозғалыс кезектілігі бойынша;
 жеткізу тиімділігі.
Маршруттаудың негізгі тапсырмаларына:
 қозғалысты ұйымдастыру;
 жүкті жеткізудің минимальды мерзімі;
 қозғалыс қауіпсіздігі;
 көлік құралдарын тиімді пайдалану;
 тасымалдау жоспары мен графигін орындау;
 жол жағдайының өзгеруіне байланысты кешенді реттеу.
 Маршруттар жалпы келесі классификацияларға бөлінеді:
Тасымалдау қашықтығына байланысты:
1. қалалық (шамамен қала шетіне дейін);
2. қала маңы (қала шетінен 50 км аралықты қоса алғанда);
3. қалааралық (қала шетінен 50 км қашықтықтағы қалалар мен елді-мекендер);
4. халықаралық (Қазақстан Республикасының шекарасынан).
Жыл уақыттары бойынша:
1. тұрақты (жыл бойына);
2. мерзімді (уақытша);
3. уақыттың (мезгілдің белгілі-бір мерзімдерінде).
Маршрут ашуда алдын-ала сұрақтарды шешуде мыналарды қажетті түрде қарастыру қажет:
1. Осы маршрут бойынша жүк тасымалының сұранысын анықтау;
2. Жол жағдайын зерттеу және қозғалыс трассасын таңдау;
3. Маршрут мақсатының техника-экономикалық негіздемесін құру.
Маршруттағы қозғалыс — деп тасымалдауды орындаудағы жылжымалы құрамның қатынас жолдары. Маршрутты таңдау көлік үрдісін ұйымдастыру негізінде анықталады.
Маршрут тұрақты жүкағыны мен жағдайының қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенде алуға болады.
Маршрут жасауда мыналарды қарау қажет:
 Қаланың негізгі пункттар аралығында тапсырыс берушілерге көлік байланысын қамтамасыз ету;
 Автокөлік түрлерін тасымал түріне орай пайдалану;
 Қозғалысқа бақылау жасау мүмкіншілігін;
 Мекеменің автокөлік құралдары қозғалысын координациялық басқарумен қамтамасыз ету;
 Аралық және соңғы аялдамаларды автокөлік құралдарының бос жүріс аралығын азайту мақсатында ірі жүк жинау орындарына жақын орналастыру;
 Қозғалысты ұйымдастырудың тиімді жүйесін қолдану.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *