«1С-Логистика: Тасымалдауларды басқару » ішкіжүйелері

 

 

«1С-Логистика: Тасымалдауларды басқару » ішкіжүйелері
7. Жүктерді тасымалдау тапсырмаларын басқару
8. Жүктердің тасымалдануын басқару
9. Шикізаттарды басқару
10. Аналитикалық есеп беруді басқару
11. «Ingit» электронды картасында ақпаратты визуализациялау.
12.
Ішкіжүйе келесі операцияларды автоматтай алады:

1. Жүкті тасымалдауда қажеттіліктерді рәсімдеу және қазіргі моментте бар барлық қажеттіліктерді көрсету ақпараты: жүктің номенклатурлық құрамы, жүкті алушы, жүкті жіберуші, жіберілген және алатын жерлердің адресі, жеткізу мен жіберудің аралық уақыты, байланыс делдалдары;
2. Жүкті тасымалдау қажеттіліктерінен ол орындалғанға дейін бас тарту;
3. Жүкті тасымалдау қажеттіліктерінің орындалуын қадағалау: бас тартылды, орындалуда, орындалды.
Ішкіжүйе жүкті тасымалдауға тапсырыс алған менеджердің немесе қызмет өкілінің жұмыс орынын ұйымдастырады. Қажет болған жағдайда жүйе жүкті тасымалдау тапсырмасын алдын ала тіркелусіз рәсімдейді. 
Жүктерді тасымалдау тапсырмаларын басқару. Ішкіжүйе қолданушыға жүкті тасымалдаудағы қажеттіліктерге негізделген жүкті тасымалдау тапсырмаларын тіркеуге және сол тапсырмалардың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді.
Ішкіжүйе тапсырмаларды логикалық тізбектерінің бірнеше буындарынан тұратын унимодальді және мультимодальді тасымалдауларға тіркейді. Тасымалдау тізбектері буындарының орындаушысы тапсырыс алған транспорттық компаниялар бола алады.
Ішкіжүйе жүкті тасымалдауға қажеттіліктерді талдап, тасымалдауға берілген тапсырмаларды түрлендіріп, әр жүкті таситын оптималды тізбекті құратын, логист немесе басқа қызмет өкілінің жұмыс орынын ұйымдастырады.
Жүктердің тасымалдануын басқару. Жүйе қолданушыға жүкті тасымалдау тапсырмаларының орындалу рейстерін тіркеуге және осы рейстердің орындалуын бақылауға мүмкіндік береді.
Ішкіжүйе келесі операцияларды орындауға мүмкіндік береді:
1. Тасымалдау тапсырмаларының орындалуына сәйкес жүкті тасымалдауға арналған рейстерді түрлендіру;
2. Рәсімделген рейстерден бас тартулар мүмкіндігін бақылау;
3. Транспорттық құралдардың маршрут бойынша рейстерін орындауын бақылау;
4. Рейске ертеректе қосылған тапсырмадан бас тарту;
5. Тасымалдау барысында жүкті айырбастамауды және жүктің жетпей қалмауын қадағалау;
6. Тасымалдауға кететін шығындарды фактілі түрде тіркеу.
7. Ішкі жүйе рейстің жүруін және жинақтауының қызметтерін орындайтын диспетчердің немесе басқа қызмет өкілінің жұмыс орнын ұйымдастыруға мүмкіндік береді 
Ресурстарды басқару.Ішкіжүйе қолданушыға алдын ала жоспарланған рейстерді орындауға арналған қызметкерлер мен транспорттық құралдарды бөлу үшін тапсырысты өңдеу мүмкіндігін береді. 
Ішкіжүйеде келесі функциялар жүзеге асырылады:
1. Рейстердің орындалуы үшін қажеттіліктер мен шикізаттарды бөлуді және транспорттық құралдарды бөлуді бақылау;
2. Рейсті орындаушы қызметкерлер мен транспорттық құралдарды бөлу және тапсырыс беру;
3. Рейсті орындау үшін бөлінген транспорт құралдарынан бас тартуды рәсімдеу.
Ішкіжүйе транспорттық құрал бөлімшесі басқарушысының немесе нақты рейстің орындалуында қажет қызметкерлер мен техникалық құралдарды бөлетін, қызмет өкілінің жұмыс орнын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Аналитикалық есеп беруді алу. Жүйе транспорттық құралдың түрлері бойынша бұрын орындалған тасымалдау тиімділіктерінің кілттік көрсеткіштерін бағалайтын балама функциялардан және әр түрлі бөлшектеу дәрежесіне байланысты ақпараттық базада жинақталған статистикалық берілгендерге талдау жасаудан тұрады. 
Ішкжүйе келесі аналитикалық есеп берулерді алуға мүмкіндік береді:
1. Жүкті тасымалдауда қажеттілікті орындауды талдау;
2. Тапсырыста анықталған тізбек буындары бойынша жүкті тасымалдау тапсырыстарының орындалуын талдау ;
3. Рейстердің орындауын талдау;
4. Транспорттық құралдарды бөлуде тапсырыстарды қанағаттандыруды талдау;
5. Жоспар – жүктерді тасымалдаумен байланысты шығындарды фактілі талдау;
6. Транспортты қолданудағы техникалық, технологиялық және сапалық коэффициенттерінің тиімділігін талдау. Төмендегілерді қосқанда:
1. Транспорттық құрылғылардың паркінің коэффициентін қолдану: Линияға шыққан транспорттық құралдардың саны/линияға шығуға дайын транспорттық құралдардың жалпы саны;
2. Жүккөтерімділік коэффициентін қолдану: бір рейсте тасымалданатын жүктің саны/транспорттық құралдың жүккөтерімділігі;
3. Көлемді қолдану коэффициенті: бір рейсте тасымалданатын жүктің көлемі/транспорттық құрылғының көлемі;
4. Өзінің транспортына кететін жекеленген транспорттық құрылғылар: өзінің транспортына кететін жалпы транспорттық шығындар /олардың тасымалдаған жүгінің саны;
5. Жалданған транспортқа кететін жекеленген транспорттық шығындар: жалданған транспорт үшін жалпы транспорттық шығындар /олардың тасымалдаған жүгінің саны;
6. Тасымалдаудың тиімділігі: тасымалдаған жүктің саны /тасымалдауға кеткен машина — сағат саны(машина-күн);
7. Жүкті тасымалдау үшін орындалған тапсырмалардың коэффициенті: қанағаттандырарлық тапсырмалардың саны / тапсырманың жалпы саны;
8. Тасымалдау тапсырмасын өңдеу уақыты;
9. Транспортты беруде қабыл алмау коэффициенті: Транспортты беруде қабыл алмау саны/тапсырыстың жалпы саны
«Ingit» электронды картасындағы ақпаратты визуализациялу. «Ingit» электронды картасындағы ақпаратты визуализациялудың ішкіжүйесі нақты бір транспорттың жүру маршрутын құрғанда диспетчердің жұмысын жылдамдатылады және жеңілдетеді.

Ішкіжүйе қолданушыға электронды картада жүкті тасымалдау және рейстер маршруттарының тізбегіне кіретін географиялық адрестерді, географиялық адрестердің тізімін визуализциялауға мүмкіндік береді
Ішкіжүйе қызметтеріне электронды географиялық карта қосылған жағдайда ғана рұқсат ала аламыз. «Ingit» электронды картасы конфигурация құрамына кірмейді және жеке тасымалданды. Карта туралы ақпаратты «ИНГИТ» (www.ingit.ru) компаниясынан білуге болады. Мұнда берілген сұраққа байланысты ақпаратты жедел түрде алуға болады.

Ұсынылатын әдебиеттер :
1.Смехов А.А. Математические модели процесса грузовой работы. — М.: Транспорт, 1982 г. — 168 с.
2.Петров А.П.,Буянов В.А., УгрюмоеГ.А. Автоматизация, вычислительная к микропроцессорная и эксплуатационной работе железных дорог: Учебник для техн. ж.-д.трансп. — М.: Транспорт, 1987 г.-245 с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *