Экономикалық ақпараттық жүйелердегі ақпараттық технологияларға кіріспе

Экономикалық ақпараттық жүйелердегі ақпараттық технологияларға кіріспе

Экономиканы басқаруда ақпараттық жүйелердің құрылуы және қызмет етуі ақпараттық технологияның дамуымен байланысты.
Ақпарат дәстүрлі материалдық ресурстар, мысалы, мұнай, газ, пайдалы қазбалар т.б. сияқты қоғамдағы маңызды, бағалы ресурстардың бірі болып табылады.
Ақпараттық технология – құбылыстардың немесе процестердің , объектілердің жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін қажетті өңдеудің, жинаудың және таратудың әдіс – тәсілдерінің жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпараттық технологияның мақсаты – адамның оны талдауы және оның негізінде қандай да бір қызметті орындау туралы шешімді қабылдау үшін ақпаратты өндіру.
Ақпараттық технология ақпараттық жүйелермен тығыз байланысты. Ол оның негізгі ортасы болып табылады.
Ақпараттық технология компьютерде берілген, сақталған әртүрлі дәрежедегі қиындықтағы операцияларды, қызметтерді, сатыларды орындаудың нақты рәсімделген ережелерінен тұратын процесс болып табылады.
Ақпараттық технология, басқалар сияқты келесідей талаптарға жауап беруі қажет:
— ақпаратты өңдеудің барлық процесінің фазаларға, операцияларға, этаптарға мүшеленуінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
— қойылған мақсаттарға жетуге қажетті барлық элементтерді қосу;
— тұрақтылық сипаттың болуы.
Нарықтық қатынастар жағдайында ақпаратқа және ақпараттық қызметтерге сұраныстың өсуі ақпаратты өңдеудің кең көлемді техникалық құралдарының, әсіресе, ЭЕМ – нің және байланыс құралдарының өсуіне әкелді.
Ақпараттық технологияны этаптардан, қызметтерден, операциялардан тұратын иерархиялық құрылымнан көруге болады.
1 — деңгей- этаптар- салыстырмалы түрде ұзақ технологиялық процестер іскеасыра алады.
2 — деңгей-операциялар- 1-деңгейдегі программалық ортада таңдалған нақты обьектінің құрылуы орындалады.
3 — деңгей- қызметтер- сәйкес операцияларға қойылатын мақсаттарды орындауға әкелетін әрбір бағдарламалық жұмыс тәсілдерінің стандартты жиынтығы.
Қазіргі заманда мекемені нақты басқару үшін мыналар қажет:
• өндіріс және өндірісті қамтамасыз ететін процестерге мониторинг жүргізу;
• құжаттар мұрағатына, жобалық және техникалық құжаттарға, өндірістік процестердің технологиялық картасына жылдам рұқсат алу;
• жұмыс орнының жүктелуі, өндіріс бөлімдері бойынша материалдарының жылжуы, жұмыс уақытының үлестірілуі туралы ақпарат алу;
• инвентаризациялауды үздіксіз жүргізу, материалдардың қорының, дайын өнімнің өзгерісін тіркеу, шығындарды детальды классификациялау.
Осы күрделі кешенді есептерді шешу үшін ААЖ адамдарға ақпаратты эффектілі өңдеу әдістерін әртүрлі қолданбалы программалар пакеті түрінде ұсынады.
Ақпараттық технология және қолданушы интерактивті сұхбат процесінде ақпараттық өнім құрады..
Ақпараттық өнімдер – қызметтер үш құрамды бөліктерге бөлінуі мүмкін: байланыс, ақпарат, көңілаулау.
Басты ақпараттық тенденция – барлық ақпараттық өнім түрлерін күрделендіру және интеграциялау.
Жаңа ақпараттық технология деп, ақпараттық жүйелер және есептеу техникасының негізінде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, жинақтау, өңдеу, тасымалдау әдістері мен тәсілдерінің жиынын түсінеміз. Жаңа ақпараттық технологиялар компьютерлерді және телекоммуникациялық техникаларды қолдануға негізделеді. Ол жалпы және проблемалық бағыттағы қолданбалы программалық пакеттерді кеңінен пайдаланады, сонымен қатар қолданушыға ЭЕМ желілерін пайдалану арқылы ұзатылған мәліметтер қорына және программаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі қасиеттерін көрсетуге болады:
 қағазсыз технология, яғни компьютердің жадысында не дискте құрылатын немесе монитор экранында бейнеленетін ақпаратты негізгі жинақтаушы, электронды құжат;
 кең мүмкіндікті интерактивті (диалогты) режим көмегімен қолданушы оперативті түрде кез – келген есепті шешуді басқара алады;
 компьютермен тілдесу әдісі кез – келген дәрежедегі дайындықты қолданушыға меню жүйесін, анықтамалықты пайдаланып, ақпаратпен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.;
 Ақпаратты көрсету формаларының сәйкестігі ақпараттың барлық өңделу этаптарында өтпелі (сквозной) ақпараттық қолдауды орындауға мүмкіндік береді.;
 Барлық қолданушыларға кез – келген техникалық, программалық және жүйенің ақпараттық ресурстарына оперативті қолдау көрсететін ақпараттық желілер және коммуникация құралдары негізінде есепті ұжымдық шешу әдістерін пайдалану.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *