БАЖ құру принциптері

 

БАЖ құру принциптері

БАЖ –ды қамтамасыз ететін ішкіжүйелер. БАЖ-н ақпаратты өңдеу және шешім қабылдау технологиясы көзқарасымен қарай отырып, өзараларында және жүйе ішінде байланысатын, қамтамасыз ететін ішкіжүйелерден тұратын басқарудың енді бір ортақ функционалды сызбасын салуға болады. 

1. Басқару жүйесінің кірістері мен шығыстарында енгізулер мен шығаруларды қамтамасыз ететін ішкіжүйе;
2. Нормативті және жоспарлы берілгендер массивінің жиналуы мен сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқарылатын жүйенің жағдайы туралы ақпараттан және оның реттелуі үшін қабылданатын шешімнен тұратын, ақпаратты сақтаудың ішкіжүйесі (жад);
3. Шешім қабылдау процесінде қажет формальды есептеу және логикалық операциялар комплексін қамтамасыз ететін ішкіжүйе;
4. Шешім қабылдауды және басқа барлық ішкіжүйелердің түрленуін координаттауды қамтамасыз ететін ішкіжүйе .
Түрлі типтегі және дәрежедегі БАЖ-н проектілеуде, келесі бөлімдерді қамтамасыз ететін жүйелерді жүзеге асыруға байланысты ортақ проблемаларды шешу керек:
а) БАЖ-н ақпаратты қамсыздандыру;
б) БАЖ-н математикалық және программалық қамсыздандыру;
в) БАЖ-н техникалық құралдармен қамсыздандыру;
г) БАЖ-н ұйымдастырумен қамсыздандыру.
Басқаруды административті — ұйымдастыру жүйелері автоматтандырудың бастапқы этаптарында басқарудың салыстырмалы қарапайым есептерін шешу үшін қолданылған.
БАЖ-н құру принциптері . БАЖ-н құру мен оны енгізуді келесі принциптер бойынша басқару керек:
1) жаңа мақсат принципі . Принциптің мәні басқарудың пайда болған дәстүрлі әдістері мен қабылдауларын ЭЕМ-ға жинау ғана емес, сонымен қатар оларды ЭЕМ беретін жаңа мүмкіндіктерге сәйкес қайта құру болып табылады;
2) проектілеу кезіндегі комплексті немесе жүйелі жақын келулер принципі.Бұл жақын келу техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық сипатта болуы мүмкін;
3) жүйенің үзіліссіз даму принципі яғни, БАЖ-нің енуімен жаңа шарттармен шешілетін тапсырмалар шеңбері кеңейеді.
БАЖ –нің енуі кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық деңгейін жаңа бір биік деңгейге көтереді: инженер – басқарушы қызметкер бастапқы құжат пен түрлі есеп берулер құрау үшін қажет есепке алулардан құтылады, сөйтіп, ол толығымен басқаруды ұйымдастыруды ойластыра алады; жұмысшылар өндірістік ақпараттарды және ұйымдастырудың дайын шешімдерін, кәсіпорынның реттелуін уақтылы ала отырып, өндіріске тиімді әсер ете алады; жеке бөлікті жоспарларда және техникалық-экономикалық есептеулерде көпнұсқалы есептеулерді орындау және осы негіздегі оптималды шешімді таңдау өнім бірлігіне жұмсалатын шикізат пен еңбек шығынын төмендетеді және шығарылатын өнім көлемін жоғарылатады; техникалық негіздегі еңбек нормасы мен материалды шығындар дәрежесі жоғарылайды. Соңында, кәсіпорынның барлық жекеленген буындары мен кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметтің барлық негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері жоғарылайды.
Ұсынылатын әдебиеттер :
1.Смехов А.А. Математические модели процесса грузовой работы. — М.: Транспорт, 1982 г. — 168 с.
2.Петров А.П.,Буянов В.А., УгрюмоеГ.А. Автоматизация, вычислительная к микропроцессорная и эксплуатационной работе железных дорог: Учебник для техн. ж.-д.трансп. — М.: Транспорт, 1987 г.-245 с.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *