Ақпараттық технологиялардың даму тенденциясы

Ақпараттық технологиялардың даму тенденциясы

Ақпараттық технологияның даму кезінде бір-бірін күшейтетін және бір-бірімен байланысқан бес ақпараттық тенденция пайда болады:
• Ақпараттық өнімдердің күрделенуі
• Сәйкестікті қамтамасыз ету
• Аралық есеп звеноларын жою
• Ауқымдылық
• Конвергенция
Ақпараттық өнімдердің күрделенуі
Ақпараттық технологияда екі бөлімді ерекше атап өтуге болады:
• ақпараттық өнімді сұраныс бойынша сұрыптау мүмкіндігі;
• осы ақпараттық өнімді қолайлы уақытта және пайдаланушыға ыңғайлы түрде жеткізу әдістері.
Ақпараттық өнімнің өзі кейбір ақпараттық мазмұнды пайдаланушы қолдануына әкелетін спецификалық қызмет түрінде болады. Ақпараттық өнім – бұл жалпы түрде «жіберу» және ақпаратты жеткізу (компьютер экраны, қағаз, магнитті лента, магнитті диск, оптикалық диск және т.б.).
Хабарлаудың құндылығы – ақпарат және білім – олардың көмегімен табиғатта және қоғамда ағымды процестерде көрінетін шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қоғамның жинақталған ақпараттық ресурсы – оның тиімді экономикалық активтілігінің кілті.
Біріктіруді қамтамасыз ету
Ақпаратты ұсынушылар және пайдаланушылар үшін ең басты технологиялық мәселе біріктіруді қамтамасыз ету — әр түрлі ақпараттарды еркін алмастыру мүмкіндігі болып табылады Программалық, аппараттық және ақпараттық компоненттердің стандарттауына күш салу сыртқы формаларды бірыңғайлауды қамтамасыз етеді, бірақ олардың мазмұнын емес. Соның көмегімен программалық-техникалық әдістердің конфигурациясын өзгертуге және әр түрлі ақпараттарды жіберу мен сақтауды қамтамасыз етуге болады.
Бұл мәселенің шешімі толық сәйкестікті және телефония компонеттерінің екі жақты тартысын, мәліметтердің өңделуін, ақпараттардың енгізу-шығару әдістерін, мәліметтерді жіберу, сақтау және қайта құруды, аудио- және видео ақпараттарды талап етеді. Бірігу және әрекеттестік ақпараттың адамзаттық түрлерінен – сөз, мәліметтер, статикадағы және динамикадағы бейнелеу, қара-ақ және түрлі түстер – сонымен қатар адамның сезімдерді қабылдауының үш түрі – есту, ұстау және көруден басталады және аяқталады. Осыдан ақпараттық жүйелер жағынан әрекет ететін компонеттер күшейе түседі, олар механикалық діріл, тактильді әсерлер, ауа ағысы, иіс және т.б. Осы әсерлердің әдістері арқылы адам компьютер экранында (телевизордың) қандай да бір шындықты (виртуальды шындық) көріп қана қоймай, сонымен қатар осы «шындықты» шлем, перчатка, кресло костюмы арқылы дене ағзаларына әсерін сезеді. Осыдан адам үшін виртуальды шындықта болатын іс-әрекетке қарсыласу немесе алдану мүмкіндігі ашылады. Бірақ мұндай кері байланыс – кибернетикалық мүмкіндіктердің белгісі болып табылады.
Аралық есеп звеноларын жою
Тұтынушының тез пайдалануына арналған ыңғайлы және қолайлы формада қайта құруды қамтамасыз ететін жаңа әдістердің құрылуы аралық есеп звеноларын жою тенденциясын қарастырады. Мысалы, бұрын телефон жүйелерінен телефонистер («байланыстырушылар») шығарылды, содан кейін кредитті телефондық карталарды тұтынушы есебінен болды. Банктік қызметте ақшаның жарты бөлігі кассир арқылы емес, банкомат арқылы беріледі.
Одан кең жоспарда өндірістегі (өндіріс-қамтамасыздандыру) қарым-қатынастың, өндірістер арасындағы (сатушы – делдал – сатып алушы), өндіріс және тұтынушы арасындағы өзгерістерді атап өту керек. Егер өндіруші және ақырғы тұтынушы бір-бірімен оңай байланысса және олардың ақпараттық білімділігі тегістелсе, онда делдалға қандай да бір жұмысты жүктеу қажет емес. Делдал (посредник) ақпарат есебіне бағаны қоса алмайды, өйткені тұтынушы оны тура бірінші өндірушіден ала алады. Сондықтан кең және жеке тапсырыс бойынша үлкен телеқызмет спектрі жеткізіледі: телемаркетинг, телеоқыту, теледиагностика, телеойындар, телемузыка, телефильмдер және т.б. Сонымен қатар бағалардың біршама төмендеуін күтуге болады, өйткені ұжымдық (қоғамдық) телематика әдістерін пайдалану бағасы коммуникацияның дәстүрлі әдістерін пайдалануға қарағанда төмен.
Шынында да, егер электрондық терминалмен туристік маршруттар мен зоналар, қонақ үйлер мен көліктер туралы «толық» ақпаратқа тура қол жеткізуді қамтамасыз етсе, онда саяхат бюросы және олардың агенттер жүйесі не керек?
Өндірістерде технология және жұмысшылар саны өзгертіледі: қағаздағы сызбалар мен қағазды технологиямен байланысқан барлық құжаттар жоғалады. Жобаны жетілдіру аяқталғаннан кейін электронды құжат сымдар (немесе басқа байланыс сымдары) арқылы өндіріске жібереді және өндірістік кибернетикалық роботтарға тура түсуі мүмкін. Осындай жағдайда өндіріс оның дайындығын ұзаққа созбай бастайды. Өнім моделі жаңа тапсырыстардың түсуіне байланысты және олардың электронды жүйеде жобалаудың «істен ұтылуымен» өзгертіледі. Сонымен қатар виртуальды киберкеңістікте өнімдер моделінің «сынағы» және тұтынушының жеке тілектері айқындалады.
Ауқымдылық
Информатика әдістерінің дамуы бойынша іскер адамның жұмыс орны (офисі) ұшақ борты да, теплоход палубасы да және машина салоны да болады. Кәсіпкер өзімен бірге ұялы телефон, пейджер, қалталы программаланатын сандық көмекші, дербес компьютер ұстайды. Солардың көмегімен кәсіпкер Жердің кез келген орнында ақпараттық жүйеге оңай қосылады.
Қызықты нарық жағдайы туралы ақпаратқа кәсіпкердің тәулік бойы қосылуы операциялардың өткізілу шартын толығымен өзгертеді. Ақпарат мемлекеттер мен аймақтар шекарасынан тез беріледі. Мемлекеттердің ақпараттық оңашалануы және ақпаратты беру еркіндігіндегі тамыр-таныстық олардың экономикалық артта қалуына әкеледі. Экономика түпкілікті бүкіләлемдік және ашық болады, ал оның ақпараттық инфрақұрылымы Жер планетасының ауқымды телематикалық комплекстерімен анықталады.
Конвергенция
Конвергенция – бұл қарастырылып отырған инфотенденцияның бесіншісі және соңғысы. Терминнің өзі үйлесімдікті білдіреді, ақпараттық белгінің үйлесімділігі биологиядан алынған және эволюция процесінде ағзалар тобының шығу тегі бойынша функциялар мен құрылғанда пайда болған ұқсастықтарды білдіреді. Шынында да, программаланатын калькулятордан біртіндеп программа басқаратын құрылғыға айналатын, содан кейін телебағдарламалық программаларды қабылдайтын, диалогтік ойындардың қиын программаларын орындайтын қасиеттерге дағдыланатын компьютер қасиетін (белгісін) қалай анықтауға болады? Екінші жағынан өзінің эволюциясында телевизор программаланатын құрылғыдан ақпараттарды өңдейтін қиын үйдегі ақпараттық орталыққа айнала бастады, ол өзіне төлем есептерін жүргізу, жылуды бақылау, жарықтандыру және т.б. функцияларын қосады.
Офиста немесе үйде жеке тұратын құралдардың болуы өте ыңғайлы: факс, принтер, ксерокс, сканер, сонымен қатар барлық ақпараттық функциялармен жабдықталған интегралдық құрылғы.
Ақпараттық жүйелерде конвергенция элементтері информатика әдістерінің номенклатурасын ұтымды етеді және тұтынушылық баға қосады. Бір құрылғыда ақпараттық функциялардың қарама-қарсы күшейуі өнім бағасын төмендетеді, оған сұранысты күшейтеді, ақпараттық технологияны пайдалануды кеңейтуге әкеледі.
Кәсіпкерлердің ақпараттық іс-әрекеті бәсекелестік қызығушылық конвергенциясы болып табылады, яғни ол ақпараттық индустриядағы өзгерістерге ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлікте бүтіндей өзгерістерге әкеледі. Кәсіпкерлердің бәсекелестік ынтымақтастық бағытының принципі бүкіләлемдік кәсіпкерлік альянстарды құру кезінде іске асырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *