Бұлшық ет ұлпасы
Бұлшықет ұлпасы — денедегі бұлшықеттерді түзеді. Бұлшықет ұлпасына төн қасиет оның — жиырылғыштығы, жиырылуы арқылы ағза мен мүшелерді қозғалысқа келтіреді. Бұлшықет жасушалары ұзын, жіңішке болғандықтан оларды талшықтар деп атайды. Талшықтарында бір-бірімен қатарласа (параллель) орналасқан өте көп жиырылғыш жіңішке миофибриллалар (гр. «myos» — бұлшықет, лат. «fibrilla» — талшық, жіпше) болады. Бұлшықеттердің жиырылғыштық қасиеті осы миофибриллаларға байланысты. Адам ағзасында бұлшықет ұлпасының 2 тобы болады. Олар: көлденеңжолақты және бірыңғай салалы бұлшықеттер.
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпалары ішкі асқазан, ішектер, қан тамырлары, несепағар, қуық, жатыр және т.б. мүшелерде болады. Талшықтары ұзын, ұршықтың сабы пішіндес, екі ұшы жіңішке үшкір, ортаңғы бөлігі жуаңдау. Талшығының дәл ортасында таяқша төрізді бір ядросы бар. Адам еркінен тыс бояу жиырылады.
Қаңқа мен жүректің бұлшықеттері көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Көлденеңжолақты деп аталатын себебі талшықтары екі түрлі: біреуі жіңішке күңгірттеу болса, екіншісі ақшыл жалпақтау (кендеу) болады. Осындай екі түрлі талшықтары бір-бірімен кезектесіл орналасқандықтан бұл бұлшықеттерді көлденеңжолақты дейді. Қаңқаның бұлшықеттері сүйекке бекінеді, оның әрбір талшығы (жасушасы) көп ядролы және ядролары талшығының шетіне орналасады. Талшығының (жасушасының) пішіні цилиндр төрізді, ұзын, ұштары доғал, адамның еркіне сай жиырылады.
Жүректің бұлшықетінде көлденеңжолақты. Қаңқа бұлшықетінен айырмашылығы талшыңтары тарамдалып өр жерінен бір-бірімен бірігіп торланып жатады. Талшықтары көп ядролы және олар талшығының дәл ортасына орналасқан. Жүректің бұлшықеті адам еркінен тыс жиырылады.
Кардиомиоциттердің даму көздері-висцералды спланхиотпен белгілі бір учаскелер болып табылатын миоэпикардиальды пластинкалар.
Жүрек бұлшықет тінінің иннервациясы. Жиырылғыш кардиомиоциттер екі көзден биопотенциалдар алады:
1) өткізгіш жүйеден (ең алдымен синус-жүрекше түйінінен);
2) вегетативті жүйке жүйесінен (оның симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінен).