Ноғай

Ноғай—түркі халықтарының бірі. Негізінен ресей Федерациясында (Ставрополь аймағы, Дағыстан, Шешенстан т.б.) тұрады. Жалпы саны 75 мыңдай адам (2002). Басты субэтникалық топтары: қара ноғайлар, ащықұлан-ноғай, ақ ноғай немесе қубандықтар, астрахандық ноғай. Антропологиялық жағынан оңтүстік Сібір (тұран) ауыспалы аралас нәсіліне жатады. Ноғай тілінде сөйлейді. Діні—мұсылман, сүннит. Әдет-ғұрпы, тұрмыссалты жағынан қазақ пен қарақалпаққа өте жақын. Ноғай Алтын орда әскерінің қолбасшысы Ноғай ұлысының құрамына кірген түркі тілдес қыпшақтармен араласып, олардың тілін қабылдаған түрлі түркі және моңғол тайпаларының ұрпағы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *