Қоңырат Нағанай аңызы
Қазақтың үш баласы болған. Ақарыс (ұлы жүз), Бекарыс (орта жүз), Жанарыс (Кіші жүз). Біз—Бекарыс балаларымыз. Аңыз бойынша, Бекарыстың әкесі—Қазақ, Қазақтың әкесі Алаш екен.
Алаштың әкесі Түрік керемет бай, кемеңгер данышпан кісі болған екен. Тәж-дәулет, сән-сәулет, азан-хәумет—бәрі-бәрі бір басында жетіп артылыпты. Бірақ ұл перзенті жоқ екен деседі. Күндердің бір күнінде күнде той, күнде думан боп жататын Бекарыс мырзаның аулына алты әулие келіп, аттан түсіпті. Әулие болса-дағы жарықтықтар, дәруіштің киімін киіп, қолдарына аса таяқ ұстап, өрім-өрім, кір-қожалақ, міскін, мүсәпір қалыпқа түсіп, ақ боз үйдің босағасынан аттап, ішке өтіпті. Төрде отырған Бекарыс мырза орнынан тұрып, қаңғып келген міскінпақырларды хан келгендей қарсы алыпты. Қалы кілемнің үстіне отырғызып, алдына қазы-қарта, жал-жая, қымыз, бал, шәрбәт, зәмзәм тағамдарын үйіп-төгіп, ас қойыпты. Дәрет алатың суын дайындап, ақ матаға алты бірдей жайнамыз жайыпты. Бекарыстың өз табалдырығынан аттанған қонақ қара ма, хан ба—бірдей құрмет көрсететін әдеті екеніне көзі жетіп, дарқан пейіл, кең дастарқанға риза болған алты әулие ақыры шындарын айтып, өздерінің кім екендіктерімен таныстырыпты. Сөйтсе, алтауы да нағыз дін исламның шайхылары, пәк мұсылмандар екен. Алтауы да Бекарысқа ақ баталарын беріпті. Арада тоғыз ай, он күн өткен соң Бекарыстың бәйбішесі ұл туыпты. ол ұлдың атын баяғы әулие қожалардың құрметіне Қарақожа деп қойыпты. Келесі жылы тағы бір ұл туады. оның атын Ақтамберді қойыпты. Сөйтіп, бірінен соң бірі—Қарақожа, Ақтамберді, Дайырқожа, Момынқожа, ысмайыл, Қосым атты алты ұл өсіпті. Қарақожа үлкен ұлы болған соң бөлек отау етіп шығарыпты. Қарақожадан Арғын туады, Арғынның «аға баласы» атануы осыдан болса керек. Ал Ақтамбердіде н- —Қыпшақ, Дайырқожадан—Қоңырат, Момыннан—Найман, ысмайылдан—Керей, Қосымнан уақ туады деген болжам бар. ол, аңыз бойынша, Қоңыраттан Байбөрі, Құлтай, Шынай, Байсары, Дарқожалар туады. Сонымен, орта жүз—Бекарыстан алты арыс ел болады.
Енді бір аңызда орта жүз—Бекарыстың Мейрамсопы деген баласынан Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, уақ туады. Қоңыраттың төрт баласынан тараған ұрпақ бүгіңде қазіргі өзбек халқының құрамына еніп кеткен. Сонымен Дарақожадан—ұзынсопы, ұзынсопыдан Нағанай туады. осы Нағанайдың отыз ұлы болған. Бірде осы атақты бай үргеніштің ханына тарту-таралғы тартады. Әбден разы болған хан оған Емен, Семен деген екі құл сыйлапты. Мейірімді Нағанай әлгі екі құлды құлдықтан босатып, жілік ұстатып, өзіне бала етіп алады. Сол екеуін қосқанда Нағанай байдың отыз екі ұлы болыпты. Нағанай байдың бізге есімдері белгілі Ардақ, Қалампыр дан өзге тағы бес әйелі болған екен. осы жеті әйел отыз ұл туған. Ал Қалампыр шешеміз үш бала туған—орын би, Мелде би, Жығалы мырза. Негізгі айтпағымыз—осы Қалампырдан туған үш баласынан өзге 29 баласы басқа жаққа ауып кеткен. орын би, Мелде би, Жығалы мырзалардың түпкілікті ата-қоныстары Түркстаннан басталатын ұлан-байтақ территорияны мекендеген. олар қабырғалы, іргелі руларға айналып, қазақ халқының туын көтерді. Нағанай да, балалары да өңшең сәйгүлік қоңыр аттарды мінеді екен. Содан бірте-бірте Нағанайдың өз аты ұмытылып, бертін келе «Қоңыр аттылар», одан «Қоңырат» аталады.