Қаракемпір-Шеркеш
…Бір байдың қызына қаншама құдалар түсіп, айттырыла тұрса да, келісімін бермей қала береді екен. Әкесі қызының бұл қылығына ренжи тұрса да, көңілін қалдырмай:
—өз сүйгеніңмен кет, қалың мал сұрамай-ақ қояйын,— дейді. осыны естіген Дербістің әкесі баласына:
—Сен барып осы қызға жолығып көрсеңші!—деп кеңес береді.
Дербіс қыздың аулына келіп түскенде, бұрын қанша қонақ келсе де бұтын жимай көсіліп отыра беретін Зылиха ұшып тұрып, тамақ дайындау қамына кіріседі. Сонда жеңгесі: «Саған не боп кетті?»—деп таңданса керек. осы қыз ұзатылып кетіп, Дербістің аулында өтілген тойға қатыса алмаған бір ағайыны тойдан оралған балаларынан:
—Жеңгелерің ұнады ма, қалай екен?—деп сұраса, олар жарыса:
—ой, несін сұрайсыз, әке, отыр ғой бір қара кемпір!—депті.
Бір күндері әлгі тойға келе алмаған адам Дербістің үйіне келіп, үй сыртынан:
—Әй, Дербіс, бармысың үйде, сөйлесейін деп едім, десе:
Дербіс үйде жоқ еді, аң қағуға кеткен. Түсіңіз, үйде қара кемпір бар,—деген әйел дауысы естіледі. Бұдан кейін осы атау бүкіл елге жайылып, бертін келе рудың аты «Қаракемпір» атанып кеткен деседі.