«Он екі ата Байұлы» атануы

«Он екі ата Байұлы» атануы
Қыдырқожа өте асқан бай болады. Малы мен басы тең өседі. Баласы—он екі, малы жерге симайды. Байдың жанында жүрген кедейлер, сондай-ақ оның отын-суын, қора-қопысын істеп жүрген жалшылар, байдың балаларын мадақтап: «Бай баласы», «Байдың ұлы» деп жағына сөйлеп, қолпаштауынан келіп шығады.
Байдың балалары да: «Сері», «Мырза» дегенді жек көрмейді. Қайта масаттанып: «Біздер бай баласы, байдың ұлдары мыз»,— деп көтеріле сөйлейді. Міне, осыдан келіп «Байұлы», «Байбаласы» деген сөз өмірге келіп, оған 12 баланың саны қосылып, «он екі ата Байұлы» болып атанып кетеді. он екі ата Байұлы осылайша атанған деп шежіреші қариялар сөзін шегелейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *