Жаңбыршы—Ноғай ордасының билеушісі Мұса бидің інісі. ол ағасы қайтыс болған соң орданың билеушісі болған. Белгілі жазушы, тарихшы Қадырғали Жалайырдың «ямұурчи ағасының көзі тірісінде би болды»,—деп жазғанына қарағанда, ол Мұсаның тұсында ел билігіне араласып, аты шыққан. Жаңбыршы түркі халықтарының, қазақтың көптеген қаһармандық жырлары мен аңыз-әңгімелеріне үлкен орын алған.