ЖАППАС (АЛТЫН-ЖАППАС) РУЫ

ЖАППАС (АЛТЫН-ЖАППАС) РУЫ
Жаппас қойылуы
Кіші жүз Байұлы тайпасының құрамындағы он екі атаның бірі—Жаппас. Жаппастың шешесі Тобан бибі тоқал болып босаға аттаса керек. Келін болып түскен үйінің бәйбішесі адуын адам екен дейді. Тобан бибі Жаппасты табарда ауыл-ел көшіп жатыпты. Адуын бәйбіше жаппа тігіп беріпті де, Тобан бибіні жұртқа тастап кетіпті. Содан, жаппаның астында туған соң баланың атын «Жаппас» қойып еді дейді.
Алтын-Жаппас
Жаппасты Алтын төрт баласына қосып бесінші бала етіп, асырап өсіріпті. Сөйтіп, ол төрт бала «біз Алтынбыз» деп, ал Жаппаспен бірігіп, кейін «Алтын-Жаппас» руы атанған.
 Алтын-Жаппас туралы
Халық арасында тараған ауыз екі шежіреде Кіші жүздің қабырғалы Байұлы бірлестігі он екі атадан тұрады делінеді. ол көбінде былай тізбектеледі: Шеркеш, Есентемір, Таз, ысық, Адай, Беріш, Байбақты, Қызылқұрт, Тана, Масқар, Алаша, Алтын, Жаппас. Бірақ санамалай келгенде олардың біреуі артық болып келеді. Кіші жүздің Батыс бетінен келген шежірелерде өздерінен қашықтау Сыр бойы мен ырғыз жақты мекендейтін Алтынды санаққа қоса бермейді де, оны бірде: «Алтын— қыздың аты, ұзатылған жерінен қайтып келіп, туысы Жаппаспен қоныстас болады, содан Алтын-Жаппас атанады»,—десе, екінші бір шежіреде: «Жаппастың шешесі Алтын орта жүз Қыпшақтың қызы екен. Кейбіреулер «Алтын-Жаппас» деп шешесін баласына қосып, Байұлын 13 атаға жеткізеді»,—деп түйеді.
Келесі бірінде «Алтын Жаппастың қызы екен. Адайдың баласы Келімбердінің Ақпан деген баласына шығыпты. Ақпан мезгілсіз өліп, жесір қалады. Әмеңгерлік заңына көнбей төркінінің маңына көшіп келіп, өз алдына Алтын деген ру болып қалыптасып кетеді»,—делінеді. Ал Алтын елінің шежірешілері Бақтысиықтың (немесе Қыдырсиықтың) бәйбішесінен Алтын, тоқалы Самса шешемізден Жаппас туыпты. Екеуі енші лес болғандықтан, қатар аталады»,—деп түйеді де, өздері тарпы нан он екі ата Байұлына Тананы немесе Байбақтыны (екеуін бір-бірінің баласы деп) қоспайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *