ЕСЕНТЕМІР РУЫ[Темірдің «Есентемір атанып, бір рулы елге айналуы]
(І нұсқа)
Қыдырқожаның жылқысына Темір ие болып жүрген бір жылы қыс қатты болып, жылқы тебіндей алмайтындай қауіп туады. осы кезде Қыдырқожаның жылқысымен қатар тебін-
дегі жүрген киік үйірінің арқар мүйізді өте ірі текесі жоқ бо лып шығады.
Бұл текені атып алмақ болып, Темір жолдастарымен келе жатады. Киіктер тегісінен жусап жатыр екен. Келе жатқанда адамдарды көрген киіктер шоқтай болып иіріліп, ежірейе қарап тұрады, ал бастаушы текесі келе жатқандар жүз метрдей жер қалғанда алдынан шығып, олар таман жақындағанда оқтай болып тұра қалады да, басын жерге салып, мойынын бір жағына бұрып, жата кетеді. «Кессең, басым, міне» дегендей сыңай білдіреді. Сол жерде бұл көрініске қайран қалған Темір жолдастарына: «Тимеңдер!»—деген екен.
Темірдің сол жерде қанша тұрғаны белгісіз. Теке келгендер мен Темірге екі көзін қадаған күйі, тырп етпестен жата берген екен. осы аз уақытта Темір өзінің туған жерін, бүкіл өткен өмірін көз алдынан өткізіп, туған жерін, басшысыз елін, талаудағы қам-көңіл халқын еске алып: «Мына текені атып алсам, үйірі талан-таражыға түсіп, менің басымдағы, ел басындағы хал бұларға да келеді-ау!»—деп, мұңая кері қайтып кеткен екен.
Қытымыр қыстың ызғары батып, жылқыны аман сақтау қамына айналады. Темір қатты толғанады. Аяқ жетер жердің халі мүшкіл. «япырай, ана киіктің отары не күн көреді?» деген ойға қалып, отарды көріп қайтпақ болып келсе, киік үйірінің текесі жоқ болып шығады. Біреу атып әкетті ме деген қүдік те туады. Темірдің ойына: «ізге түссем «деген ой келіп, ізге түссе, ешкім де келмеген, атпаған болып шығады. Текенің ізі ұзаған үстіне ұзай береді. Сонда темір жолдастарына: «Ал мына теке жайылым, қоныс, тебін іздеп кетті. Егер ол тебін тапса, қайта келіп, мына үйірін ілестіріп кетеді. Солай болса, біз де олармен бірге сапар шегуіміз керек. Әйтпесе, мына жылқыларды қыстан шығара алмауым хақ»,—дейді.
Жолдастары да қуана құптап, текенің келуін күтеді. Бір күні байқауға барса, киік үйірінің орнын сипап қалады. үйір маңайда жоқ дегендей жылқышылардың қуанышында шек болмайды. «Мың қосшыға—бір басшы» дегендей Темір де тез жолдастарымен жиналып, мыңдаған жылқыны айдап киік отарының ізіне түседі. Апталап жол жүріп, түтеген боранмен арпалыса оңтүстіктің бір аймағына тұяқтары ілінеді. Әлі де киік үйірінің шұбырған ізі бітер емес. Бір күні шұбырған із қалың нудың ішіне алып кіреді. Күн де жадырап, жайылым да молая түседі.
Жылқышылар қостарын тігіп, апыл-ғұпыл дегендей семіз тайды сойып, былбырап піскен етті алдарына ала бергенде, жұпыны киінген бір әйел есікті ашып қарап тұрады. үрпиісе қалған жылқышылар қапелімде тіл қатпайды. Темір әйелге: «кір!»—деп бұйырады. Келіншек қосқа кіріп, босағадан ары аспай отыра кетеді. осы кезде Темір үшкір кездігімен қиялап ет турап жеп отыр еді. Жарты метр шамасындай кездігінің ұшына үлкен бөлек етті шаншып, келіншекке ұсынады. Келін шек киген киімнен қолын шығармай, етті алып, босағада отырып жейді де, тіл қатпастан қайта шығып кетеді.
Ас желініп, әңгіме дүкен үстінде Темір: «Ал бұл маңда ел болуы мүмкін, жортуылшылар мен қарақшылар да аз болмас, жылқыға қатты күзет керек, бір адам ас пісіруге қоста қалсын, қалғандарың күзетке кетіңдер! Мен өзім қарауылға тұрамын»,—дейді.
Айнала тыныштық. Түн ортасы ауа қосты байқауға келіп, есіктен сығаласа, кешегі келген әйел ас пісіруші жігітті өлтіріп, етін отқа қақтап жеп отыр екен. Темірді көрген әйел екі қолын басынан асыра көтеріп, қанталаған екі көзінен от ша- шып, Темірге қадала қарайды да, бүркітше қомданып, шабуыл жасайды. Темір алдап та үлгермей қалды ма, әлде әйелдің қамқарекетімен қайратын байқамақ та болған шығар. оқ жыландай бір атылғанда-ақ, Темірдің үстіндегі қой терісінен тігілген тізеге жетер-жетпес тоны мен сыртындағы жадағай шекпенді қатар айырып түсіреді. өзіне жармасқан әйелді қайта шабуылға жібермей, әйелдің екі қолын ұстап алады да, байлап тастайды. Әйелдің қолының тырнағы қара құстың тырнағынан бетер, тағы болып кеткенін көреді де, нағыз жез тырнақтың өзі екенін байқайды.
«Ал мұның жақтаушылары кім болмақ?» деген ойға келеді де, әйелді екі күн байлаудан шешпейді. Жолдастары әйелді өлтірмек болады. Темір әйелді шешіп жібереді. Содан кейін біраз ізге түсіп көріп еді, жігіттер:
орманның қалың қойнауына кіретін із бар, оған атпен жүріп болмайды. Ал із таудың үңгіріне қарай, ілгерілей береді. Із дің өзі біресе түйе табан, біресе тағы бір ұзыншалап келеді де, тағы бірде жоқ болып кетеді,—деп келген еді жылқышылар.
Сонда Темір тұрып:
—Бұл маңда ел жоқ, тек ізге түсіп келетін қарақшылар ғана болмаса, бұл жерде таутайлақтың ізі бар, ол да қауіпті. ол кездессе, оған бір-екі адамның әлі келмейді. Сондықтан жылқы ны кезектесіп күзетеміз. Қоста қалғандар да қарулы әрі сергек болуы керек,—деп түсіндіреді.
Талай қиыншылықты бастан кешірген Темір бесаспап қарулы жігіттерімен елге аман оралды.
Қыдырқожа Маңғыстау жағын жайлаған екен. Бірнеше ай хабарсыз кеткен Темірден де, жылқыдан да күдер үзіп отырған Қыдырқожаға Темір келіп сәлемдеседі. Сонда ол Темірге:
Түлкілімісің, күлкілімісің?—дейді.
Темір:
—Түлкілімін,—деп жауап береді. Қыдырқожаның «түл кілімісің» дегені: «Қырмызы қызыл түлкідей құлпырып кел дің бе?»—дегені еді. Ал «күлкілімісің» дегені: «Тігерге тұяқ қалмай қырылып, елге күлкі болып келдің бе?»—дегені екен. Елде жұт болып, тігерге тұяқ қалмағандар көп болған екен.
Қыдырқожа Темірге қатты риза болып:
—Қайда барсаң да есен-аман келесің-ау, батырым! Енді сенің атың Есентемір болсын,—деген екен. Ел жиып, бұдан былай аты «Есентемір» болады деп хабарлаған екен.
Қазір сол әділетсіз ханнан қарғыс алғанмен, әділетті хан ның алғысы қабыл болып, Есентемірден бір рулы ел тарайды.