Ер Жәнібек, Жәнібек Бердәулетұлы (т.ж.б.—1792)—батыр, шешен. ол Қабанбай, Бөгембай т.б. батырлармен серіктес ретінде жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыстың аяғына дейін қатысқан. Деректерде 1731 жылы Кіші жүздің ханы Әбілқайыр бастап, ресей империясына бодан болуға шешім қабылдауына байланысты Ер Жәнібек Керей руын бастап, Сыр бойынан көшіп, Қалба тауына келіп қоныстанған. 1760 жылы Жәнібек батыр Абақ керейді Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырады.