Бесата қалай шыққан?

Бесата қалай шыққан?
Жетімдердің о бастан ата қонысы—Түркістан мен Шәуілдір өңірі. Түркістандық Жайма жетім Әжіқожа деген кісі аса дәулетті адам болған екен. Бәйбішесінен туған Мырзагелді, оразгелді, Аспантай, тоқалынан туған Байтелі деген балалары да заманының алды болған. Соның ішінде, әсіресе оразгелдіге ырыс-дәулет артықша қонған екен.
Бірде оразгелді байдың Жолдыторы деген айғыры үйірімен жағалбайлылардың есіне түседі де, ал олар жылқыны айдап, оқшы төбенің сыртына қуып әкетіп, жасырып қояды…
Айғыр үйірімен табылғаннан кейін дау басталады. Кіші жүз о бастан жауынгер халық, оның үстіне егін салып, отырықшы ел болып қалған, ұйымшыл Көтеншінің балаларына ірілік жасайды екен. Жылқыларын Егізқара мен Талдысудағы қыстай азық ететін егінімізді таптады деп 200 ұра дән дау қылады. «Соны төлемесеңдер зиян қыламыз»,—деп, бітім жасауға келген оразгелдінің інісі Байтелі мен аралас жатқан Жаманбайдың жарамдысы Қазан мырзаны жанға ұстайды.
Кейін жағалбайлылар мен көтеншінің жақсылары 70 ұра астыққа бітімге келіп, жарасқан болады. Бірақ бұл іс оразгелдінің абырой-атағына дақ болып жабысады да, намыстанған бай Қоқан ханына 27 жорға, үш тоғыз сыйға тартады да: «Жағалбайлылар жолдан қосылған, өзіміздің ата қонысымыз еді»,—деп Егізқара мен Талдысуды егін-пегінімен өзіне қаратып алады. Сол жолы оразгелді мырза ханнан датқа болып оралады. осыдан кейін көтеншілердің жағдайы біршама жақсарып,
жағалбайлылардың зорлық-зомбылығынан құтылған.
Соңынан ерген руларды отырықшылыққа тартып, егін шілікке үйреткен, сонда ғана ынтымағымыз артып, бір лігіміз нығаяды деген осы оразгелді датқа екен.
«отырған оразгелдіге жаққан, Қаңғырған хан құлына жаққан.
оразгелдімен оттас болсаң, Күліңді Ақтөбеден өшіресің.
Хан құлымен жолдас болсаң,
Ат үстінен су ішерсің»
деген сөз ел аузында осы күнге дейін сақталып қалған.
Кейінірек датқа қартайып, күші қайта бастағанда, енді жағалбайлылар емес, жаманбайлар зорлық қыла бастайды. Баяғыда Қазан мырзаның Байтелімен бірге жағалбайлыларға жанға ұсталғанын желеулетіп: «Дауыңа дауластық, жауыңа жауластық, туыстығымыздың белгісі болсын»,—деп, Талдысуды алып қойған.
Жаманбайлар күнделікті ұсақ-түйек тіршілікте де үстемдік жасай берген. Егін суарса, алдымен жаманбайлар суарған, сал жайса құнарлы жерге жаманбайлардың малдары жайылған.
осының бәрін оразгелді мырза көзімен көріп, басын шайқап өткен. Мырзаның мүрдесі Әзірет сұлтанда, Абылай ханның көктасына қарсы қойылған.
оразгелді мырза қайтыс болған соң, інісі Аспантай ағасының жылын өткізіп, үлкен бәйге бермекші болады. Мәслихатқа Жауғашты Беласар би ауылда болмай қалады да, қатыса алмайды. Кейін жетімдер осындай дүрілдеген бәйге бермекші дегенді естіп: «ондай бәйге олардың не теңі» деп іштарлық жасайды. Аспантайға келіп: «Баймын деп тым үлкейте берме, кейінгілерге сор боларсың»,—дейді. ондағысы Жаманбайдың жақсысы өлсе, өстіп бәйге беру қолдан келе ме, келмей ме деген қауіп болуы керек.
Бірақ Аспантай: «Атағымызға қарай, дәулетімізге жарай іс қыламыз»,—деп, көнбей қояды. Содан жанжал шығып кетеді де, төбелес үстінде Аспантайға қорғасын қоса өрілген қамшының ұшы жазым тиіп, қайтыс болады. Аспантайдың қабірі Қойлықатада. «Әжіқожа баласы шейіт Аспантай, хижра 1201 жыл» деп жазылған.
Жаманбайлардың мықтылығы сонша—олар кісі өлтірсе, құн төлемейді екен де, өздерінен кісі өлсе, екі-үш есе құн алады екен. Ер арасындағы осындай араздықтың салдарынан балалары әкесі Аспантайға ас та бере алмайды. Құн да ала алмайды.
Арада біраз жылдар өтеді. Аспантайдың үлкен баласы Көккөз бір шілдеханада Қазан мырзаның қызы Алтынға сөз салады. Сонда есті қыз былай деген екен:
«Аспантайдың алты ұлы ағаң, Көккөз, Жаманбайдан жыртылды жағаң, Көккөз. Әкең—құнсыз, атаусыз атаң жатыр, Той-жиын жараспайды саған, Көккөз.
Ас қылып, әкең құнын сұраймын деп, Мал-жаның боп жүрмесін талаң, Көккөз».
Бұл сөзге намыстанған Көккөз ел жиып, қара сойып, ақылдасып, ағалары Байтелі мен Бақы мырзаны Қоқан ханына жібереді. Әкесіне ас беруге рұқсат алады. Сонда Түркістан шаһарының төрт қақпасында тұрған жыршылар масаттанып, былай деп жар салған екен:
«Аспантайдың асы бар,
Алпыс қойдың басы бар, Тауыса алмасаң асты жеп, үйді-үйіңе тасып ал. он бес бие сойылар, Пақыр-міскін тойынар. Әр табаққа қайқайтып, Сыңар қазы қойылар».
Ас беріп жатқанда Түркістан ұлығының әкесі жаманбайлардың телі- тентектерін киіз үйге қамап ұстаған екен.
Сол жиыннан кейін Саңғыл, Маңғытай, Божбан, Жетімдер руларының ақсақалдары жиналып: «Сен—аңғыл, мен—маңғы тай, сен—божбан, мен—жетімдер дегенді қояйық, бірі гіп төрт ата болайық, ынтымақ жасамасақ, жаманбайлар күн көрсет пес»,—деп мәмілеге келеді. Төрт қошқар сойып, аруақ тарға құр бандық шалады. осы жерде бір керемет болады. Құданың құдіретімен қазан-
ға салған төрт қошқардың басы алғанда бесеу болып шығады, соған орай, Сары, Сапар болып бөлінетін Жетімдер руы сол кезде-ақ өсіп-өнген халық екен, екі ата болып өнеді де, Саңғыл, Маңғытай, Божбан—бәрі бес ата болып бірігеді. Ақсақалдар осыған бата қылды.
Бесатаның тарихы, міне, осындай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *