Ағатайдың Берішке ұран болуы
…Берішке ұран болуы былай болады: Ағатайдың жасы он алтылар шамасында екен. Жігіт болып есейіп қалса да, ол жасындағы тынымыздығы қалмайды. Бір күні елді жау шауып кетіп, ауылдың адамдары жауды қумақшы болады. Аға тай бірге барғысы келсе де, әкесі жібермейді.
Жұрт кетіп қалғасын қолына бір қылыш алып, Ағатай тай мініп қуып жетеді. Жұрт оған: «қал!» дейді. «орталарыңа бір есер керек болар, мені қумаңдар!»—дейді.
Жұрт: «Жүрсе, жүре берсін. Бізге не зияны тиер дейсің»,— дейді. Сонымен жауды қуып жетіп, соғыс болады. Соғыста Беріш жағы жеңіліп, қашады. Ағатай жаумен араласып кетеді де, оны ешкім аңғара алмайды.
Ағатай жаудың артында шауып отырып бір-бірлеп құлата береді. Бір уақыттар болғанда жаудың саны азайып қалады да, жау кейін шапқылайды. Сонда Ағатай: «Ағатай! Ағатайлап» айғай салып, қуа жөнеледі. Беріштің адамдары да қуып, жаудың қалғанын тұтқынға алады. осы жолы Ағатай олжа алмайды. Енді не керек дегенде: «Беріштің ұранын берсеңдер болады»,—дейді. Сонымен Беріштің ұраны жас батыр Ағатайдың атымен аталатын болады.