Қылышты қожаның Төлегатайға қыз беруі
Момынқожадан Сағынай (Найман). Сағынайдың жалғыз баласы болған. ол аңшылық [пен] қақпан, бүркіт салатын еді. Баласына аңшының қызын алып берген. Баланың бүркіті аң алмай, қапа болып аңнан келгесін, бүркітті жібермек болады.
Әйелі: «Бүркітті мен қайырамын, аңға шығатын күнді мен айтамын!»—дейді.
Бала айтқан уақытына шыдамай аңға шығады. Әйелі: «Аңға жалғыз шықпаңыз, қасыңа кісі ертіңіз!»—дейді. Айтқанын орындамай, аңға шығады. Бүркіттің талпынғанына тыңдамай томағаны алып, жібереді. Аң таппай баланың өзіне түсіп, бала қаза табады.
Тумаған жас келінді Ноғанай алмақ болады, келін күйеуі өлгесін Сағынайға қыз алып береді. ол бір бала туады, оның атын келін «Төлекатай» деп қояды. Төлегатай он үшке келгесін келінге қосады. Ноғанайға жас келінді қосады.
Төлегатай жеңгесін алғасын, онан екі бала туады: Ержомарт (Ертінді), Саржомарт. Екі балаға қарамастан зияратқа Түркістанға, онан Қорасан Қылыштыға келеді. Қылыштының он екі адам баққан қойын бір өзі бағады. Қылышты сыртынан байқаса, Төлегатай құмның басында құбылаға қарап зікір салып отырады. Құдықтан су науаға құйылып, қойлар бөлініп-бөлініп су ішіп, жайылып жүргенін көрді. Қылышты үйіне келіп: «Баланың дәрежесі менен артық келді, біз қызды берейік!»—деді.
Бибісі оған көнбеді: «Қаңғырған балаға қыз беріп»,—деді. Төлегатай оны біліп, наразы болды. Қыз оң жақ аяғын ала алмай ақсады. Қылышты сезді де, қызын Төлегатайға берді.