Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
КІРІСПЕ
Мындаған жылдар бойы адамзат адамның әртүрлі аруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине ол әртүрлі елдерде әрқалай, әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Өркениетті елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинакталды. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фармакологияда синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеуге пайдалануға болатын жасанды препараттарды өмірге әкелді. Соның нәтижесінде көптеген елдерде сол синтетикалық препараттарды пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгере бастады, яғни қызығушылық төмендеді. Бірақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген көзқарасы өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүние жүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшелерінің емдерін кеңінен қабылдауда.
Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбісі табиғи жолмен алынған дәрілерді арттық көре бастады. Мысалы, Жапонияда фармацевтикалық жолмен алынған препараттарды сатып алу 2,6 есе өссе, табиғи жолмен алынған дәрілер 15 есе өсті. Қытайда 1993 жылы өсімдіктерден алынған дәрілер сатудың жалпы бағасы 2,5 млрд. доллар болды.
Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған рецептерінің 25%-ы өсімдік препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Бельгияда 60%, Англияда 74% қосымша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болу керек деген. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде фармацевтикалық өндірісті дамыту үшін әрине көп уақыт керек. Сондықтан мұндай жағдайда біздің еліміз үшін әрине дәрілік өсімдіктерден препараттарды алуды тезірек ұйымдастыру елдеқайда тиімдірек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет.
Соңғы жылдары осы мәселенің өзектілігін ескере отыры Қазақстан үкіметі Республикалық ғылыми техникалық бағдарламаларға көңіл бөліп қаржыландырып келеді.
Кейбір институттардың, акционерлік қоғамдардың және жеке кәсіпкерлердің белсенділігі нәтижесінде соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерден алынған шикізат мөлшері айтарлықтай артты. Дәрілік өсімдіктерден алынатын препараттарды жасау жолындағы жұмыстардың ауқымы кеңеюде. Әрине бұл бағыттағы жұмыстардың табиғат үшін әсіресе кейбір дәрілік өсімдіктер үшін қауыпты жақтары да жоқ емес. Осыған байланысты дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың нұсқауын жасады. Ол нұсқау барлық елдердің азаматтары үшін бұлжытпай орындалатын ереже болуы керек. Соңдықтан сол ДДСҰ-ң нұсқауын халыққа тезірек жеткізіп түсіндіру үшін Қазақстанда академик Н.Д.Беклемишевтің басшылығымен біраз маман ғалымдар Рахимов К.Д., Сатыбалдиева Ж.А., Суходоева Г.Н., Адекенов С.М., Тулемисова Қ.А. Қазақстан республикасының фармакологиялық мемлекеттік комитетінің ұсынысымен және мақұлдауымен 1999 жылы «Дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың нұсқау» деген арнайы жинақ кітап шығарды. Бұл жинақта дәрілік өсімдіктерді зерттеуге байланысты халықаралық талаптар келтірілген. Бұл жинақ негізі төрт бөлімнен тұрады:
Дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың ДДСҰ-ң ұсынған нұсқауы.
Өсімдіктен алынған дәрілердің қауыпсіздігін және тиімділігін зерттеудің нұсқауы.
Өсімдіктен алынған дәрілерді бағалаудың нұсқауы.
Жақсы өндірістік практика: дәрілік өсімдіктерден өнім өндіруге қосымша нұсқау.
Бұл жинақта – кітапта келтірілген дәрілік өсімдіктерге қатысты халықаралық талаптардың ішіндегі ең маңыздысы ол ДДСҰ-ң негізгі алғашқы талабы. Ол табиғаттағы дәрілік өсімдіктерді қорғап, сақтап, экологиялық тепе-теңдікті қалыптастыруға әрекет жасап жағдай туғызу.