Тиекті
Жезбикенің Жиделі Байсыннан Түркістанға келе жатып, жолда қарақалпақтан туып алатын баласын «Тиекті еді» дейді.
Енді біреулер Тиекті Жығалының елде қалған Қожахмет деген ағасы болған, соның баласы дейді. Бұл әңгіме бойынша Тиекті елге Құлшығаш қайтыс боп кеткен соң қосылып, Жақып ағаларының бірінен саналатын Мәмбетәлімен ауылдас тұрған. Кейін жілік ұстасып оразгелдінің бір атасы ретінде сіңісіп кеткен. Ал «Тиекті» атану себебі күміс тиекті ат мініп жүреді екен.
Жалпы оразгелді дегеніміз—Мәмбетәлі. Мәмбетәлі аса дәулетті, кезінде ел билеген кісі екен. Жұрт «оразғарлы Мәмбет» деп жүріп, өзі де, кейін одан тарағандар да «оразгелді» атанып кеткен.