Қаракесек ішінде Қалдыбай қожа деген ақын қожа болған. Бір аяғы бір аяғынан шолақ, жергілікті ақсақ екен. Кемпірдің шабаданындай қораш кісі екен. Жылқыбай мырзаға келіп қонып, аттандырып тұрғанда Жылқыбай мысқыл қылып күліп:
—Қожекеңнің үзеңгі бауы ұзарайын деген екен, тегі аяғы ұзын-ау,—дегенде, Қожа айтты дейді:
—Бұ сөзді не деп айттың, жаным-ботам, Аяғым ұзын емес, бір-ақ тұтам.
Аяғым күннен күнге қысқарады, Тұрған соң жұртты билеп құл мен құтан.
Қожа «құл мен құтан» деп Жылқыбайды айтты. Жылқыбай—құл, құтан. …Қаракесек сауыры, Шаншардың нығызы, толығы Болатқожаға барғанша ата-бабасынан бір кімдік жоқ. Сұрастырып, қағыстырып білсек, Жылқыбайды тапқан анасы күң болып шықты. Елді «құл мен құтан билеп тұр» деген осы екен. Қаз дауысты Қазыбек немересі болған Қанай бай, сүт кенжесі Базілге атақты бір байдың қызын алып бермей, күңді қалай алып беруі осы адам нанарлық сөз бе? Мыйға салып ойлау керек. Сөзді түгел айтамын деушілер атасының көз құны қалғандай жоқтайды, зерттейді, сонан соң табылды. Бұл сөздің мәнісі былай болады.
Көтеш ақынның бір ауыз өлеңі, хан ауылын жау тонап жатқанда айтқаны:
—о, балам, танымаймын, не ел боларсың? Не дәулет, не перзентке кем боларсың? Көтешті жүзге келген тонаймын деп, Айдабол мен Күлікке жем боларсың—
делінген, сол Айдабол Күліктің күлігінен, Жаңа батырдың іні сі өміртайдың Қайнарбай деген байы болған. Сол Қайнарбай—жеті соққанның бірі, мың соққан дейді. Сол мың соққан болғандықтан, балама орынды, аруақты, тақты жерден қыз алып беремін деп, Қаракесек Қаз дауысты Қазыбек немересі Қанай байдың ұрфая деген қызын Жәдік деген баласына айттырып, құда болған. Сонда қалың мал бергенде, бас жақсысы үшін бір жетім берген екен. ол жетім дегені—аты Болыс екен де, өзі қыз екен.
«осы Болысым сідігі асыл, жатыры жақсы. Мұнан туған бала таптырмайтын жақсы болып туады және өзі топшыл болады, өсіп-өнейін деп тұр. өз балаңа қос, басқа бөтенге беріп жібере көрме!»—деп, сынап айтып берген екен.
Бұрынғылар бірінің сөзін бірі тақайыр қыла ма, Болысты Қанай сүт кенжесі Базыл деген баласына қосқан екен. Қанайдың келіні, Базылдың әйелі болған соң әйелдің болысы болыпты. Болыс бәйбішеден Жылқыбай, Саржан туады. Саржаннан—Жаманкөт қажы. Жылқыбайдан Қорабай, Шалабай туады. Жылқыбайды, онан туған Құрбайды, Саржаннан туған Жаманкөт қажыны көрген-білген кісілер Болыс бәйбіше демей: «Дуанбасы» бәйбіше болды десем, нанады. ия, Қаракесекке барды, құтты да болды, сүтті де болды, бұт-
ты да болды. Күлік кімнен туды? Күң болғандығы қалайша? Сөйлеп өтейік. Күлік Жобалай баласы Жаңабатыр, өміртай болады. Жаңабатыр «үш жүзге билікті Жаңабатыр би» атанған және жаламен Жаңабатырды үш шабылды деген жұрт аузында сөз болып қалған. өміртайдың төрт баласы болған: Ақбота, Тайлақ, Қайнар, Көшек.
Бұрынғы заманның бай емесі жоқ, бәрі де бай болған. оның ішінде өте-мөте Қайнар ебдейсіз бай болған. Қайнардың балалары: Жәдік, Бәйтік. Бұл Қайнарбайдың заманында Күлік ортасында қалмақтан Қаракөз деген бір қыз олжаға түседі. Жұрт оны Қайнарбайға байлайды. Байға қыз зәру ме? Күң зәру ме? өзінің малмен артын ай шелегі бар шығар, жер ошақтың басында, көгеннің қасында жайып жүрген күнінде Жобалай алты ағайынды болған. Біреуінің аты—Ақай. Ақайдан: Бекмырза, Санмырза. Бекмырза балалары: Бұзау, Сары, Байкен. Сонда Сарысы—«Сарымырза» атанған. Сол Сарымырзаның Бұқа деген баласы бұқалық қылып Қаракөз қыз тауып: «Іннің түбі өзімдікі, аузы әлде кімдікі» деп, Қайнарбай қыздың атын Болыс қойған. Туған кезінде оған ат қойыла ма? Тілі шыға бастаған да қылықты, құлықты болып, көзіне көрінген үй жұмсай бас тауынан «болысым, болысым!» деп байдың сүйгенінен «Болыс» атанған деседі.
Бұл Қайнарбайдың Торғай бойында, Апай-Бөрі деген елде «қарға тамырлы қазақ» құдандалы сүйек-шат Шабай деген он жеті-он сегізге жаңа жеткен бір бала атқосшысы болады. Сол Апайдың Тоқтыбай деген бір мосқал кісісі қасына қылып, жаз жайлауда жоғалтқан малға жоқшы болып Қаракесек, Шан шар елін аралайды. Жолаушыға тамақты тойғыза беретұғын үй керек болып, Қайнарбайдың сүйек шатыс жерін іздейді. Бір жаңа өспірім, судан шыққан сүйріктей бала атқа мініп шап қылап жүрген ел шетінде кез болып қалып:
—осы елде Күлік Қайнарбайдың күңі бар деп еді, соның үйін білесің бе, шырағым?—деді.
Баланың өңі қашып, түсі бұзылып кетеді де:
—Аппақ шағаладай ауылға барсаңыз, сол ауылдағы бас үй—сол сұраған үйіңіз,—дейді.
Бұлар барып түсе қалады. Қанайдың кенжесі Базылбайдың үйі екен. Бағанағы ауылға жөнін айтып берген бала—сол үй дің өз баласы екен.
Қонақ аттанып кеткен соң бала әкесінен сұрайды:
—Нағашым кім?—дейді.
—Сенің нағашың Күлік Жобалай немересі Қайнарбай,—дейді.
—Жоқ, түндегі қонақтар «Қайнарбайдың қызынікі қайсы?» деген жоқ, «осы ауылда бір күң бар деп еді. Сол күңдікі қайсы?»—деді.
«Күңнен туып мен қалай кісі қатарына кіріп жүре аламын» деп долданып жылап, жарылуға таяп:
—осыны қатын қыламын деп алған сені де, балама қатын алып берем деп, біреудің күңін алып берген әкеңнің де,—деп, екеуінің аузына бірдей жіберді.
Ал жыла, ал жыла. отырғандар баланы аяды, сөзін қоштаушы жоқ болса, жарылып өлерлік халге тақалған сықылды.
Бір ақсақал Базылға ұрысты:
—Не жорға бие сой, жоғарғы елді шақыр, төбел бие сой, төменгі елді шақыр, ала бие сой, аймақ, еліңді шақыр! Бұл Болыс келіннің сүйегі қалай қылса ағарады? Мұның сүйегін ағарту дың бір есебін табу керек. Көйлек кірі жуса кетеді, көңіл кірі айтса кетеді, сүйек кірі қайтсе кетеді?! Ал енді жатпай-тұрмай осының қамын қыл! «Бір қыдыр бар—құт қыдыр, бір қыдыр бар—тұт, пұт қыдыр» деп, түндегі қонақ саған құт қыдыр болмай, тұт, пұт қыдыр болғаны ғой. Қайдан қаңғып келді? Балаға қайдан естіртті,—деген соң Базыл бай ағайын, аймағын жиып, ол жиынға сойылатын малды жан-тәнімен қиыпты. Бұрынғы айтқан емес пе: «Пайғамбар үмбеті көп жиылмайды, көп жиылса, тек жиылмайды»,—деп айтысты дейді.
«Базыл бұл Болыс келінді қырық кісімен жіберіп, төркін детсін! Төркіндеп барған жолына малдан бөлек бір еркек, бір ұрғашы—екі жетім ертсін. Қара қазанын, қара кебежесін қара бураға артып берсін! Сонда Қайнарбайдың өзінің қызы екендігі айқын болып, екіленеді. Төркіндеп барған жолына екі жетім ап келген жанды «күң» деп ешкім айта алмайды. Сүйек солай қылса, ағарады»,—деген екен.
Бұл мәслихат бойынша Базыл қырық кісімен Болысты төркініне жібереді. Қайнарбай да қайнап, тасып-төгіліп тұрған күні екен. «Құдам Қанайға да ризамын, балам Базылға да ризамын. Мен өз көзім тіріде оларды жерге қаратпақшы емеспін,— депті.—Берсе де жасып бермеді, тасып берді. Малдан бөлек бір еркек, бір ұрғашы—екі жетім беріпті. Еркегінің аты— Малайдар, ұрғашысының аты—Дәнеш. Қара бурасына қара кебежесін, қара қазанын ошағымен қабат арттырып мені бөгіп, өз қызым болмаса, осынша сый-сияпат аламын ба? Алшынбай мен итемген енді былшылдауын қойсын!» депті. Алшынбай— Тіленші бидің баласы. Алшынбай «Бостанның ақ серкесі» атанған. Сірә, сол екеуі Базылмен құрдас болса керек. Малайдар мен Дәнештен Томпақай, Күшік—екі бала туып, Күшіктен: Қонақбай, Қоқанбай, Әйнекбай, Терекбай, Тойлыбай, Қисық, Кенжебай. Томпақайдан да бала-шаға бар, толық бір ауыл болып, бұлар «Жылқыбайдың күшігі» атанған.