Журналистің шығармашылық шеберханасы  мәселелері

Журналистің шығармашылық шеберханасы  мәселелері

         Кім болса да журналист болып тумайды. Демек, қандай мамандық иесін алсаңыз да өмірді көре келе, білім – ғылымнан сусындай отырып, тәжірибе жинақтау арқылы қажетті саланы үйренеді, меңгереді. Бұл орайда журналист туралы сөз, ой – пікір тіпті күрделі десек артық айтқандық емес. Себебі аталмыш мамандықтық оңайлықпен қолға түсе бермейтін қыр – сырлары баршылық. Соның ең бастысы әрі бірегейі – оның творчествоға қатыстылығы. Ал творчество қай заманнан — ақ адамзатты ойландырып – толғандырып келген мәселе екендігі белгілі. Творчество ақыл – ойға, ілім – білімге терең бойлағанда ғана пайда болатын құбылыс. Сонымен бірге осынау мамандықтық тағы бір қасиеті – ол табиғи қабілет дарынға, яғни, талантқа байланысты екендігі. Бұл ретте көп сөз айтуға болады, оның теориялық та, практикалық та мәнін ашуға болады. Өйткені осы жолда талай ғалымдар зерттеулер жасаған, ой – пікірлер қорытқан. Сондықтан біз де өз тарапымыздан бұл проблемаға үңіліп, талдаулар жасап, қажетті көзқарас, танымдарға ұмтылыс жасауды жөн көрдік. Ол үшін назар аударатын мәселелер де аз емес.

           Журналистер де жазушылар секілді творчествомен айналысатын болғандықтан, көп жағдайда бір – біріне ұқсас процестер бастан өтіп жатады. Творчество – шығарма жасау, шығарма туғызу, шығармашылққа байланысты ұғым болса, «творчестволық лаборатория» ұғымы ХІХ ғасырда орыс әдебиеттануында ғылыми айналымға енген термин ретінде қабылданды. Міне, соден бері осы атау өмірде үзбей қолданылып келеді. Онымен қоймай, бұл сөздер журналистика саласында да жиі қолданыла бастады. Мұның өзі, әрине, заңды нәрсе еді, өйткені журналистің де еңбегі туралы осылай айтуға толық мүмкіндік береді. Сондықтан «журналистің творчестволықлабораториясы» деген ұғымдағы сөз тіркестерін қолдануды ғылыми ортада жатсынбай, қайта өмірдің қажеттіліг ретінде өзінен — өзі қалыптасып келеді.

             Егер қазақ журналистикасының тарихына үңілсек, жалпы публицистиканың дамуына назар аударсақ көп жайды аңғаруға болады. Ал мұның бәрі өздігінен болған нәрсе емес, қайта көптеген тұлғаларымыздың басқа да елдердегі секілді, қазақ журналистикасының негізін салып кеткеніне байланысты. Өткен ғасырдағы Шоқанның «Жоңғария очерктерінен» бастап, Абай мен Ыбырайдың еңбектеріндегі публистикалық сарындар мен элементтер қазақ журналистикасының бастау бұлақтары десе де болады. Одан соң мерзімді басылым ретінде дүниеге келген «Түркістан уалаяты» мен « Дала уалаяты» газеттерінің, «Шолпан», «Сана», «Садақ» журналдарының атқарған рөлі қалай айтуға да тұрарлық. Ал, Мұхамеджан Сералиннің орны тіпті бөлек. ХХ ғасырдың басында қоғамдық өмірге блсене араласқан, журналистикаға да публицистикалық мақалалармен үлес қосқан « ақтаңдақ» аталған тұлғаларымыз Ахмет Байтұрсыновты, М.Дулатовты, М. Жұмабаеты, Ж.Аймауытовты атамай өтпейміз. Тағы бір шоғыр классиктеріміз С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров еңбектері ше? Бұлардың таза әдеби шығармаларымен бірге, толып жатқан публицистикалық материалдары өз кезіндегі журналистиканың құнды дүниелері болғандығына сөз жоқ. Одан беріде М.Әуезовтың, С. Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың, Ғ.Мұстафиннің ел өмірінен жазған көркем очерктері мен деректі мақалалары, публицистикалық жинақ кітаптары шыққаны аян. Сайып келгенде мұндай классиктеріміз тек қазақ әдебиетін дамытып қана қоймай, қазақ журналистикасын, публицистикасын да параллелді түрде дамытты деп батыл айта аламыз. Ал олардың творчестволық ізденістері, творчестволық еңбек лабораториясы қалай болып еді, публицистикалық еңбектеріндегі әдіс – тәсілдері мен қалдырған мұраларынан не үйренуге болады? Міне, бұл кеңінен қарастыруға болатын нәрсе. Публицистикадағы дәстүр жалғастығы, алдыңғының кейінгіге үлгі – ұлағаты туралы айту студенттерге пайдалы болары түсінікті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *